Казахстанцев, не оплачивающих коммунальные услуги через банк, внесут в группу риска по мошенническим операциям

МӘМС: инсультпен түскен науқастың жағдайы тұрақталды

19 февр. 2024, 04:14
1 мин. чтения
1060
МӘМС: инсультпен түскен  науқастың жағдайы тұрақталды
МӘМС

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы нейроорталығының қарқынды терапия бөлімшесіне шұғыл жағдайда массивті субарахноидалді қан кету және ми мен қарынша ішілік қан құйылу типіндегі геморрагиялық инсульт диагнозымен науқас түсті. Науқастың жай-күйін толық тексерген дәрігерлер  селективті церебральды ангиография көмегімен эндоваскулярлы араласу отасын жасады.

Отаны білікті дәрігерлер С.Сапаков және Н.Өтенов жасады. Ота барысында науқастан жүрек түріндегі алдыңғы байланыстырушы артериясының аневризмасы анықталды. Операция сәтті өтті, науқастың жағдайы тұрақталды.

Ескеретін жайт, аталмыш ота МӘМС аясында ақысыз жүргізілді.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях

Последние новости

Вчера

Последние новости

22 октября