Китай обошел Россию и вышел в лидеры торговых партнеров Казахстана

Түркістан облысында МӘМС аясында бірегей ота алғаш рет жасалды

18 сент., 08:44
1 mins read
839
Түркістан облысында МӘМС аясында бірегей ота алғаш рет жасалды
МӘМС

Түркістан қалалық орталық ауруханасында несепағарды аш ішек сегментімен толық алмастыру және стенттеу бойынша күрделі хирургиялық ота сәтті орындалды.

Бұл — Түркістан облысында бұрын-соңды жасалмаған, өңірлік деңгейде алғаш рет орындалған бірегей операция. Бес сағаттан астам уақытқа созылған күрделі отаны онкохирург Ержан Ақбердиев сәтті жасады.

Бұған дейін мұндай операциялар негізінен республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда орындалып келген. Енді жоғары технологиялық және күрделі хирургиялық көмектің бұл түрі Түркістан облысының тұрғындарына өз өңірінде қолжетімді болып отыр.

МӘМС жүйесі сақтандырылған азаматтарға медициналық көрсетілімдер болған жағдайда құны қымбат диагностикалық зерттеулерді, күрделі операцияларды және операциядан кейінгі емді қосымша ақысыз алуға мүмкіндік береді.

Аталған отаның өңірде алғаш рет сәтті орындалуы Түркістан қалалық орталық ауруханасында күрделі хирургиялық көмектің жаңа бағыттарын меңгерудегі маңызды қадам болды. Бұл — медицина мамандарының кәсіби біліктілігі мен заманауи емдеу әдістерін жергілікті жерде дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Күрделі операцияларды өңірде орындау пациенттердің басқа қалаларға бармай-ақ, тұрғылықты жеріне жақын жерде жоғары білікті медициналық көмек алуына жағдай жасайды.

Медицинадағы әрбір жаңа қадам — пациент үшін жаңа мүмкіндік. МӘМС — сол мүмкіндіктің қолжетімді болуына жол ашады.

 

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

04 октября
03 октября
02 октября
01 октября