МӘМС жүйесі нәрестелердің өмірінде де ерекше маңызға ие болып келеді. Олай деуімізге себепте бар. Азамат Сабыров небары 22 күндігінде Түркістан қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен түсті. Науқаста жиі жөтел, ентігу пайда болған.Үйінде екі күн ауырып, жағдайы жақсармаған соң ауруханаға жеткізілген.
Баланың жағдайы ауыр болуына байланысты шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені компьютерлік томографияға түсірңлдң. Нәтижесінде, екі өкпенің көпсегментті пневмониясы, оң өкпенің төменгі бөлігінің буллезді эмфиземасы, екі өкпенің пневмофиброзы анықталды. Балада тыныс жетіспеушілігі үдеп кетуіне байланысты жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бірнеше күн жасанды тыныс алдыру аппаратында жатып, қажетті ем шаралар көрсетілді. Динамикада бала тыныс жетіспеушігі азайған соң тыныс алдыру аппаратынан шығарылды.
Кішкентай пациенттің жағдайы тұрақталуына байланысты бөлімшеге ауыстырылып, емін жалғастырды. Жалпы, нәрестеге ауруханада 1ай 2 күн бойы ем шаралар көрсетілді. Ақ халатты абзал жандардың біліктігі, әрі тез шешім қабылдауының нәтижесінде нәресте үйіне қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Айта кетерлігі, Азамат алған ем шаралар МӘМС есебінен жүргізілді.