Казахстан экспортирует обработанные товары в 106 стран мира

Көксу ауданында көшпелі азаматтарды қабылдау өткізілді

31 мар. 2023, 04:57
1 мин. чтения
1151
Көксу ауданында көшпелі азаматтарды қабылдау өткізілді

Ағымдағы жылдың 30-ші наурыз күні Көксу ауданы, Балпық би ауылы, «Аманат»партиясы қоғамдық бірлестігінің Көксу аудандық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы- Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қ.Т. Манап, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Т.Тұрсынбай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Жетісу облысы бойынша басқармасының бастығы А.Б. Төребеков, Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Е.Ә. Келемсейіт «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдауда келген тұрғындар, мемлекеттік қызметке түсу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөнінде, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, жер мәселесі, тұрғын үйге кезекке тұру мәселелеріне тұжырымды қанағаттанарлық жауаптарын алды. Жалпы осындай іс-шаралар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Әділетті мемлекет, Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауы аясында облыс көлемінде жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера