Экспорт продовольствия из Казахстана вырос на треть с начала года

МӘМС аясында өмірге қауіп төндірген ми аневризмасына жоғары технологиялық ота жасалды

Сегодня, 10:45
2 мин. чтения
73
МӘМС аясында өмірге қауіп төндірген ми аневризмасына жоғары технологиялық ота жасалды
МӘМС

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирургтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында өміріне қауіп төнген науқасқа жоғары технологиялық эндоваскулярлық операцияны сәтті орындады.

1978 жылы туған науқас ауруханаға басының қатты ауыруы және жарыққа қараған кезде көз алмасының ауырсынуы шағымымен түскен.

Кешенді тексеру нәтижесінде оған геморрагиялық инсульт, яғни субарахноидальды қан құйылу диагнозы қойылды. Бұл жағдайдың негізгі себептерінің бірі – ми қан тамырындағы аневризманың жарылуы. Мұндай патология науқастың өміріне тікелей қауіп төндіретіндіктен, шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.

Дайындықтан кейін науқасқа церебральды ангиография жүргізіліп, зерттеу барысында алдыңғы байланыстырушы артерияда орналасқан қапшық тәрізді ми аневризмасы анықталды.

Мамандар ангиографиялық құрылғының көмегімен эндоваскулярлық эмболизация жасап, аневризманы арнайы микроспиральдармен жапты. Нәтижесінде аневризма қан айналымынан толық ажыратылып, оның қайта жарылу қаупі жойылды.

Бұл жоғары технологиялық медициналық көмек МӘМС жүйесі аясында науқасқа тегін көрсетілді.

Эндоваскулярлық нейрохирургия – ми қан тамырлары ауруларын ашық операциясыз, артериядағы шағын тесу арқылы емдеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Мұндай тәсіл операциядан кейінгі қалпына келу мерзімін қысқартып, асқыну қаупін азайтады.

Дәрігерлердің айтуынша, ми аневризмасы көп жағдайда ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Алайда ол жарылған кезде кенеттен бастың қатты ауыруы, жарыққа қарай алмау, жүрек айну, құсу және есінің бұзылуы сияқты белгілер байқалады. Осындай жағдайда уақыт оздырмай, шұғыл медициналық көмекке жүгіну қажет.

Әрбір минут – адам өмірі үшін маңызды. Уақытылы қойылған диагноз, дәрігерлердің кәсіби біліктілігі және МӘМС аясында қолжетімді жоғары технологиялық медициналық көмек көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

https://adilet-partiyasy.kz/kz
Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях

Последние новости

Вчера
04 августа
03 августа