Что делают страны Центральной Азии для спасения Аральского моря

МӘМС аясында қант диабеті кезіндегі ангиопластика

Сегодня, 07:42
1 мин. чтения
104
МӘМС аясында қант диабеті кезіндегі ангиопластика
МӘМС

Облыстық клиникалық ауруханасында кезекті рет жүргізілген ангиопластика отасы барысында Қантамыр хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Александр Геннадийұлы қант диабеті кезінде бұл емдеу әдісінің маңыздылығы, оның қалай жүргізілетіні және МӘМС аясында көрсетілу тәртібі туралы кеңірек айтып берді.

Қант диабеті тек қандағы қант деңгейін көтеріп қана қоймай, қан тамырларына да кері әсер етеді. Әсіресе аяқтың қан тамырлары тарылып, қан айналымы нашарлауы мүмкін. Соның салдарынан жүргенде аяқ ауырады, жаралар ұзақ уақыт жазылмайды, ал ауыр жағдайда тіндер жансызданып, аяқ-қолды ампутациялау қаупі туындайды.

Осындай жағдайда ангиопластика көмектеседі. Бұл – үлкен ота жасамай-ақ, тарылған қан тамырын кеңейтуге мүмкіндік беретін заманауи емдеу әдісі. Дәрігер арнайы катетер арқылы зақымданған тамырға жетіп, оны баллонмен кеңейтеді. Қажет болған жағдайда тамыр қайта тарылмас үшін стент орнатылады. Нәтижесінде қан айналымы жақсарып, асқыну қаупі азаяды.

Егер сізде қант диабеті болса және:

  • жүргенде балтырыңыз ауыратын болса;

  • аяғыңыз жиі мұздайтын болса;

  • аяқтағы жаралар ұзақ уақыт жазылмаса,

онда міндетті түрде тамыр хирургіне қаралыңыз. Дәрігер қажетті тексерулерді жүргізіп, сізге ангиопластика немесе басқа емдеу тәсілінің қажет екенін анықтайды.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар көрсетілім бойынша ангиопластика қызметін тегін ала алады.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
17 июня