Минздрав предостерёг родителей от лечения всех зубов детям под общим наркозом

МӘМС аясында сәбилерге күрделі жақ-бет хирургиялық көмегі көрсетілді

Сегодня, 12:18
2 мин. чтения
99
МӘМС аясында сәбилерге күрделі жақ-бет хирургиялық көмегі көрсетілді
МӘМС

Түркістан қалалық орталық ауруханасының ЛОР және жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде балалар мен ересектерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Бөлім өңір тұрғындарына сапалы, қауіпсіз және қолжетімді медициналық қызмет ұсынуды басты мақсат еткен.

Бөлім меңгерушісі Қанағат Қожамжаров балалардағы туа біткен даму ақауларына хирургиялық түзету оталарын тұрақты түрде жүргізеді. Атап айтқанда, қоян жырық, таңдайдың қатты және жұмсақ жырықтары («волчья пасть») секілді патологиялар кешенді түрде емделеді. Сонымен қатар, балалар мен ересектердегі қатерсіз ісіктерге хирургиялық көмек көрсетіледі. Олардың қатарында гемангиомалар, лимфангиомалар, әртүрлі кисталар және өзге де патологиялар бар.

Жақында аурухананың ЛОР және жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде туа біткен даму ақауы бар нәрестелерге кезекті жоспарлы хирургиялық ем сәтті жүргізілді. Ауруханаға «еріннің туа біткен жырығы» диагнозымен түскен 4 және 6 айлық сәбилерге мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетілді.

Ота барысында:

  • бет-әлпеттегі косметикалық ақаулар қалпына келтірілді;

  • еріннің негізгі функционалдық қызметтері түзетілді.

Бұл өз кезегінде:

  • емізу және тамақтану процесін жақсартуға;

  • дұрыс тыныс алуды қамтамасыз етуге;

  • болашақта сөйлеу аппаратының дұрыс қалыптасуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда кішкентай пациенттер медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Олар аурухана жағдайында алғашқы оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Мамандардың айтуынша, отадан кейінгі кезең жоспарға сай өтуде.

Айта кетерлігі, аталған барлық хирургиялық оталар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында пациенттер үшін толықтай тегін жүргізілді.

Түркістан қалалық орталық ауруханасының ЛОР және жақ-бет хирургиясы бөлімі алдағы уақытта да өңір тұрғындарына заманауи медициналық көмекті жоғары деңгейде көрсетуді жалғастыра береді.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня

Последние новости

Вчера
26 января