«Талғат» клиникасының кардиохирургия бөліміне миокард инфаркті диагнозымен 60 жастағы пациент түсті.
Дәрігерлер қажетті тексерулер жүргізіп, коронарография нәтижесінде жүрек қан тамырларының көптамырлы зақымдануын анықтады. Медициналық көрсетілімдер мен пациенттің келісімі негізінде ашық хирургиялық ота жасау туралы шешім қабылданды.
Күрделі отаны білікті мамандардан құралған хирургиялық бригада жоғары кәсіби деңгейде орындады. Хирургиялық араласу сәтті аяқталып, операциядан кейін пациенттің жағдайы жақсарды. Қазіргі уақытта ол клиникада қажетті ем-шараларды қабылдап, дәрігерлердің бақылауында емін жалғастыруда.
Операцияның жүргізілу барысы мен қолданылған емдеу әдістері туралы клиниканың кардиохирург дәрігері Атабек Айдарұлы толық ақпарат берді.
Айта кетейік, «Талғат» клиникасында МӘМС жүйесі аясында заманауи медициналық технологиялар қолданылып, пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда сақтандырылған азаматтарға күрделі хирургиялық оталар МӘМС қаражаты есебінен жасалады.
МӘМС жүйесі пациенттерге қымбат диагностикалық зерттеулер мен жоғары технологиялық медициналық көмекті қосымша ақысыз алуға мүмкіндік береді.
Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.