Объявляется запуск второго потока курса VC Bootcamp по венчурным инвестициям от экспертов Кремниевой Долины

МӘМС: екі науқасқа күрделі операция жасалды

19 февр. 2024, 04:12
1 мин. чтения
696
МӘМС: екі науқасқа күрделі операция жасалды
МӘМС

МӘМС жүйесі енгізілгеннен соң медициналық ұйымдардың екінші тынысы ашылып, науқастың сұранысын қанағаттандырып келеді. Осынау игі істің себепшісі болып жүрген Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде Германияның медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.Шнетлер мастер класс өткізді.

Екі науқасқа тізе буынының эндопротездеу және қайта эндопротездеу демонстрациялық операциялары жасалды. Айта кетерлігі, үш рет миокард инфаркт алған науқасқа зақымданған тізе буынын ауыстыру бойынша күрделі операция жасалды.

Ал, екінші келесі науқаста ауыстырылған тізе буынының аймағында инфекциясы болды. Яғни, бұрын имплантацияланған эндопротезді алып тастау және бактерияға қарсы аралық орнатылды. Екі операция да сәтті өтіп, науқастардың денсаулығы жақсарды.

          Мастер кластан ортопедия бөлімінің дәрігерлері А.Муминов, А.Аятов, А.Полатов және  Е.Амалбеков емханада енгізілетін және қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер мен анатомиялық тәсілдерді меңгерді.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

20 июня
19 июня