Позвоночно-спинномозговая травма

МӘМС: Эпилепсияны емдеудің жаңа әдістері енгізілді

21 нояб., 07:15
1 мин. чтения
213
МӘМС: Эпилепсияны емдеудің жаңа әдістері енгізілді
МӘМС

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының  нейрохирургтары эпилепсияны емдеудің жаңа әдісін тәжірибеге енгізді. Жоғары технологиялы ота медициналық сақтандыру аясында тегін жасалды. Дәрігерлер ми жасушасындағы қатерлі бөліктерді хирургиялық жолмен алып тастап, ісіктің таралуын тоқтатты. Биыл жоғары технологиялық операция екі бірдей науқасқа жасалды. Операциядан кейін 35 және 40 жастағы ер кісілердің құрысу ұстамалары тоқтаған. Нейрохируртар созылмалы сырқаттан құлан таза айығу үшін оларды екі жыл бақылауда ұстап, қосымша емдік шаралар көрсетілетінің айтады. Жалпы бұған дейін жергілікті тұрғындар операцияға кезекке тұрып, Астана, Алматы қалаларына баруға мәжбүр еді. Бүгінде жергілікті жерден ем алуға болады.

-Нейрохирургия бөлімі нейронавигациялық МРТ аппараттары жабдықталған. Сонымен қатар, қатарымыз эпилепсияны емдейтін невропотолог-дәрігер толығып жатыр. Тәжірибеге енгізіліп жатқан жүйелі түрде қолға аламыз. Жылына 5-10 операциядан жасап, алдағы жылдары оталардың саның  ұлғайтамыз деген жоспар бар – дейді, облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирург-дәрігері Нұрхан Өтенов.

Аталмыш жоғары технологиялық операция пациенттер үшін медициналық сақтандыру есебінен ақысыз екенің еске саламыз.

/#
Subscribe or follow our news on social networks
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
30 ноября