В пять раз увеличить объем транзита казахстанской нефти намерен Азербайджан

МӘМС – медициналық көмектің кеңейтілген түрі

18 сент., 12:10
2 мин. чтения
361
МӘМС – медициналық көмектің кеңейтілген түрі
МӘМС

МӘМС – бұл сақтандырудан өткен әр азаматтың өмір сүру сапасын және қазақстандықтардың келешек ұрпағының денсаулығын жақсартуға бағытталған медициналық көмектің қосымша тізімі. Естеріңізге сала кетейік, кепілдендірілген пакет елдің барлық азаматтарына, осында тұрақты мекендейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың барлығына олардың денсаулық сақтау жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан қолжетімді болса, МӘМС тек жарналар немесе шегерімдер төлегендерге ғана қолжетімді.

МӘМС-тің ең маңызды ерекшелігі – оның әлеуметтік бағыты, яғни, үкімет қоғамның әлеуметтік әлсіз адамдарының үлкен тобын өз қамқорлығына алады және олардың орнына жарнаны өзі төлейді. Солай бола тұра, медициналық сақтандыру жасатқан барлық адамдар медициналық қызметтердің бірыңғай сақтандыру пакетіне тең дәрежеде ие бола алады.

Жедел жәрдем, санитарлық авиация, бірқатар созылмалы аурулардың динамикасын бақылау, жедел көрсеткіштерге байланысты стационарды алмастыратын қызмет секілді жедел медициналық көмектердің барлығы осыған енеді. Сондай-ақ, сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, барлық қазақстандықтар емханаға барып, стационарда жедел емделе алады, сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққандарға қажетті медициналық қызметтердің толық тізімін беру қарастырылған.

Кентау қалалық орталық ауруханасы МӘМС пакеті және жүйесі  арқылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміндегі қызметтермен науқастарды қамтамасыз етеді. Жалпы, МӘМС жүйесі аясында  ауруханада  жыл басынан бері 5970 науқас емделіп, 645  науқасқа  ота  жасалды. 1872 науқас КТ және УЗИ-ге түсті. 158 569  лабараториялық талдаулар жасалды. МӘМС жүйесі бойынша   науқастарға стационарлық ем және неврапатолог, травматолог, хирург, офтальмолог тағы басқа диагностикалық  тексерулер қол жетімді. Сонымен қатар, пациентке жоғары технологияларды пайдалана отырып, қымбат қызметтерді алу мүмкіндігі беріліп отыр.

 

 

Орынбек  Төлбасиев

Кентау қалалық орталық ауруханасы басшысының медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары

/category/news
Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
06 октября
05 октября
04 октября