Команда Агентства «Хабар» завоевала серебро на турнире среди работников СМИ

МӘМС: профилактика, ақпарат және қолжетімді қызмет

Сегодня, 05:39
2 мин. чтения
71
МӘМС: профилактика, ақпарат және қолжетімді қызмет
МӘМС

Түркістан қалалық емханасында, Созақ және Жетісай аудандық орталық ауруханаларында, сондай-ақ «Асықата» аудандық ауруханасында тұрғындардың денсаулығын нығайтуға бағытталған «Денсаулық бұрышы» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тұрғындар қан қысымын өлшетіп, қандағы қант деңгейін және көздің көру қабілетін тексеруден өтті. Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен бейінді мамандар азаматтарды қабылдап, денсаулық жағдайына қатысты кеңес берді. Дәрігерлер созылмалы аурулардың алдын алу, ауруларды ерте анықтаудың маңызы және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акция аясында тұрғындарға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысу тәртібі, сақтандырылған мәртебені сақтау жолдары және МӘМС шеңберінде медициналық көмекті алу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.

Бүгінде МӘМС жүйесін пайдалану бұрынғыдан да ыңғайлы бола түсті. Енді «Еуразиялық Банк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ мобильді қосымшалары арқылы азаматтарға сақтандыру мәртебесіне қатысты маңызды хабарламалар автоматты түрде жіберіледі. Атап айтқанда, сақтандырылмаған мәртебе, сақтандыру мерзімінің аяқталуы немесе өткен айдағы төлемнің болмауы туралы ақпарат пайдаланушыларға ай сайын жеткізіліп отырады. Бұл азаматтардың сақтандыру мәртебесін уақытылы бақылап, медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «Kaspi Bank» АҚ бірлесіп іске қосқан жаңа қызметтің арқасында Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы өткізіп алған МӘМС жарналарын бір төлеммен өтеуге болады. Жүйе төленуі тиіс кезеңдерді автоматты түрде анықтап, төлем сомасын өздігінен есептейді. Бұл қызмет әсіресе дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін төлем жасауды жеңілдетіп, қателіктердің алдын алуға көмектеседі.

Осындай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және МӘМС жүйесі арқылы көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня