Түркістан қалалық орталық ауруханасында жол – көлік оқиғасы салдарынан көз, мұрын және жоғарғы жақ сүйектері бірнеше жерден сынып, ауыр жарақат алған 15 жасар жаңақорғандық жасөспірімге остеосинтез күрделі отасы жасалды. Сирек кездесетін отаның бұл түрі МӘМС жүйесінде жүргізіледі.
Остеосинтез – арнайы бұрандалар, пластиналар және тоқылған инелер сияқты әртүрлі металл конструкцияларды қолданып, сүйек сынықтарын бекітуге бағытталған хирургиялық емдеу әдісі. Терапияның бұл әдісі сүйектің бастапқы анатомиясын басқа әдістермен қайтару мүмкін болмаған кезде қолданылады. Остесинтез отасының күрделігі - көз, жүйке және қан тамырлары сияқты маңызды құрылымдардағы көру қабілетінің бұзылуын алдын алады.
Тәжірибелі хирургтар мен заманауи жабдықтардың арқасында хирургиялық жарақат көлемі минимальді косметикалық және функционалдық нәтижелерге қол жеткізілді. Жасөспірімнің бет қаңқасы жұмысы қалпына келтіріліп, асқынулардың алдын алды. Мүгедектік қауіпінен аман қалған пациентке оңалту шараларынан өтіп жатыр. Айтулы шаралар аурухана қызметкерлерінің кәсібилігі мен сапалы медициналық көмек қолжетімділігінің айқын көрінісі деуге болады.