Кентау қалалық орталық ауруханасына 1955 жылғы науқас келген. Туыстарының айтуынша, науқаста желке аймағындағы қатты бас ауруы, жүрек айну, құсу, сөйлеудің қиындауы, әлсіздік шағымдары болған.
Науқастан керекті анализдер алынып, компьютерлік томографияға түсірілді. Талдамалардың нәтижесі бойынша науқасқа дер кезінде көмек көрсетілді. Аайта кетерлігі, науқас алдын республикалық, облыстык консультативтік орталықтардан дертіне байланысты кеңес алған. Алынған талдамалар бойынша, әрі науқас тарихындағы жағдайлар ескеріліп, нейрохирург науқасқа геморрагиялық түрдегі жедел цереброваскулярлық бұзылыс диагнозын қойды. Яғни, науқаста мишыққа қан кету диагнозы расталды.
МӘМС жүйесі аясында науқасқа ота жасау тағайындалып, нейрохирург Мұрат Баянов отаны жүргізді. Отадан кейінгі жағдайы қалыпты, науқас жансақтау бөлімінде болып, кейін жалпы палатаға ауыстырылды. Бүгінде қанағаттандырарлық деңгейде отбасына оралды.