Медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиал директоры Нұрлан Қыдырбаев МӘМС жүйесіне қатысу үшін аударым және жарналардың жасалып жатқаны жөнінде ақпарат берді. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2024 жылдың 1 қантарға дейін жалпы 81,7 млрд теңге Ұлттық банкке жиналған. Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша 2,3 млрд теңге көлемінде жарналар мен аударымдар түсті.Оның ішінде, мемлекеттің жеңілдік санаттар үшін аударатын төлемдері де бар.
Жұмыс берушілер - төлем жасау бойынша екінші орында. Олар аталған кезеңдер үшін аударымдар түрінде 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Жалдамалы жұмысшылар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша еңбек етіп жүргендер, ЖК, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және дербес төлеушілер жалпы алғанда 1,1 млрд теңге жарна төледі.
Жалпы, Түркістан облысы бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар тізіміне талдау жүргізу барсында өңірде 1 633 354 (79,5 %) тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу құқығына ие болған. Жалпы, медициналық ұйымдарға 2 055 703 тұрғын тіркелген.
Ал, жүйедегі сақтандырылмағандар саны 422 349 (21%) адамға артып, өңірлер ішінде сары аймаққа орналасты. Оның ішінде, тұрақты төлем жасамағандар – 273 572 (65%), жұмысшы – 112 390 (27%), келісімшартпен табыс табатын жеке тұлғалар – 14 811 (3,5%), жеке кәсіпкер – 12 575 (3,0%), дербес төлеуші – 3 364 (0,8%), БЖТ – 4 771 (1,1%), басқалар – 866 (0,2%).
Түркістан облысы бойынша 15 жеңілдік санаттар саны - 1 400 668 (68%). Оның ішінде, басым бөлігін он сегіз жасқа толмаған балалар құрап отыр 895 927.