Давосский форум перенесли из-за распространения омикрон-штамма

МӘМС: Жол аптына түскен науқастың жамбас сүйектері қалпына келді

12 февр., 10:57
2 мин. чтения
847
МӘМС: Жол аптына түскен науқастың жамбас сүйектері қалпына келді
МӘМС

Түркістан қалалық орталық ауруханасының травматологиялық бекетіне жеткізілген 1985 жылғы азамат жол – көлік оқиғасынан кейін ауыр жағдайда пациентке шұғыл түрде алғашқы көмек көрсетіліп, «Көптеген жарақат. Жамбастың қасаға және отырғыш сүйектерінің екі жақты ығысқан сынығы. Жамбас шеберінің бұзылуы. Сол жақ мықын – сегізкөз арасының жарақаттық толық ажырауы. Оң жақ 5–6 қабырғалардың, сол жақ 2–3–4–5 қабырғалардың жабық сынықтары» диагнозы қойылып, бөлімшеде жағдайы тұрақталғаннан кейін, «Жамбас сүйектерінің сынуының ашық репозициясы, пластинамен және бұрандалармен остеосинтез, сыртқы бекіту аппаратын орнату» отасы МӘМС шеңберінде сәтті жүзеге асырылды.

Жасалған ота күрделі әдістертердің біріне кіреді, мұндағы мақсат – сынық аймағында сүйек тіндерінің ұштарын анықтау, сүйектерді металл конструкциясының көмегімен дұрыс қалыпта бекіту. Дәрігерлердің біліктілігі мен шеберлігінің арқасында науқастың өмірі сақталып қана қоймай, мүгедек болып қалу қауіп – қатерінсіз, тірек – қимыл функциясын толық қалпына келтіріп, екінші күні аяғына тұрғызылды. Ауруханада оңалту және қалпына келтіру курсынан кейін үйіне қайтарылды. Бұған дейін мұндай оталарды қажет ететін пациенттер бірінші немесе екінші кезеңнен кейін Астана қаласының Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығымен қатар Алматы қаласына жіберілетін.

Жалпы заманауи талаптарға сай жабдықталған ауруханада бірегей хирургиялық араласу ем – шараларын жасауға барлық мүмкіндіктер қарастырылған және де жергілікті мамандардың тың әдістерді ұдайы меңгеріп, тәжірибеге енгізуі – аурухана әкімшілігінің стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі.

Республика деңгейіндегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын 9000 аса жол – көлік оқиғалары (ЖКО) тіркеледі, онда 12 000 ға дейін адам зардап шегіп, 2000 жуығы қайтыс болады. Зардап шеккендердің 15 – 20 % мүгедек атанады.

Осындай дәрежедегі оталар ЖКО кейінгі өлім – жітімді және мүгедектіктің алдын алуға үлкен септігін тигізеді.

/category/news
Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
25 июля
24 июля