Назарбаев вошёл в десятку самых богатых президентов

МӘМС жүйесі аясындағы медициналық көмектің нәтижесі

Вчера, 07:11
1 мин. чтения
101
МӘМС жүйесі аясындағы медициналық көмектің нәтижесі
МӘМС

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы – Түркістан облысы тұрғындарына шұғыл, жоспарлы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін көпбейінді медициналық мекеме. Аурухана дәрігерлері жіті коронарлы синдром диагнозымен ауыр халде түскен 62 жастағы науқастың өмірін аман алып қалды.

Науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Тексеру барысында «Жедел коронарлық синдром» диагнозы қойылып, дереу шұғыл операция жасалды. Медициналық топ мүшелерінің үйлесімді жұмысы мен кәсіби біліктілігінің арқасында ота сәтті өтті.

Қазіргі таңда пациенттің жағдайы бірқалыпты. Ол кардиологтың тұрақты бақылауында ем қабылдап жатыр.

Дәрігер-кардиолог Ерлан Досымбеков бұл жағдайдың дер кезінде көмек көрсетудің қаншалық маңызды екенін атап өтті.

«Жүрек-қан тамыр ауруларында әр минуттың маңызы зор. Науқас дер кезінде жеткізіліп, қажетті көмек уақытылы көрсетілді. Заманауи жабдықтар мен тәжірибелі мамандардың кәсібилігінің арқасында біз өмірді сақтап қала алдық. Мұндай нәтижелер – МӘМС жүйесінің тиімділігін көрсететін нақты мысал», – дейді Ерлан Айдарбекұлы.

Бұл оқиға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттырудағы маңызды рөлін тағы бір рет дәлелдеді.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера