В КТК сообщили об ограничениях при ремонте ВПУ на морском терминале

МӘМС жүйесі ауыл медицинасына жаңа леп берді

13 нояб. 2023, 11:42
2 мин. чтения
1067
МӘМС жүйесі ауыл медицинасына жаңа леп берді
МӘМС

МӘМС жүйесі енгізілгелі бері аудан, оның ішінде ауыл медицинасына қосар үлесі қомақты болды. Өйткені, жүйенің басты қағидалары науқасты қолжетімді, әрі сапалы медициналық көмекпен қамту. Осы қағиданың мақсат еткен Бәйдібек аудандық орталық ауруханасында бірқатар жұмыстар жасалып жатыр. Бәйдібек аудандық орталық ауруханасында жыл басынан инсульт орталығы науқастарды қабылдап, дертіне дауа іздегендерге дер кезінде көмек көрсетіп жатыр. Орталықта тәжірибелі мамандар науқастарға неврологиялық көмек көрсетеді. Айта кетерлігі, орталықта жүйке жүйесі аурулары бар және жедел инсульт алған науқастарды компьютерлік томограф аппаратына түсіріп, анықталған инсульттің түріне қарай медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, орталықта инсульт ауруына шалдыққан науқастарға сауықтырудың бірінші, екінші кезеңдік медициналық оңалту шараларыда ұйымдастырылады. Инсульттің ишемиялық түрінде тромболизистік ем қолданылады. Геморрагиялық түрінде түрлі бас миына оталар жасалады. Бұрын соңды ауданғ ауыл, елді мекен тұрғындары компьютерлі томограф аппаратына түсу үшін Шымкент қаласына баратын еді. Ауруханаға компьютерлі томограф аппараты орнатылғалы бері МӘМС аясында тәулік бойы науқастарға қызмет көрсетіп жатыр. Компьютерлі томограф аппараты инсульттің алдын алу және емдеу үшін аса қажетті, сондай-ақ, адамның ағзасындағы қан-тамыр жүйесін толықтай зерттеуге мүмкіндік береді. Мұнан бөлек, Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінен жасақталған жылжымалы медициналық диагностикалық кешен шалғай ауыл- аймақтарға барып халықты профилактикалық тексеруден өткізеді. Профилактикалық тексеру ауруды алғашқы сатысында анықтауға бағытталған. Жылжымалы кешенде невропатолог, хирург, лор, эндокринолог, психолог, офтальмолог, стоматолог, жалпы тәжірибелі дәрігер мамандары қарап тексерсе, жылжымалы рентген аппараты ауыл халқын флюорографиялық зерттеуден өткізді. Кешен жылына 25 елді-мекенге барып, шамамен жылына 25000-30000 халықты МӘМС аясында тегін профилактикалық тексеруден өткізеді.

Г.Шардарбекова, Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
05 июля
04 июля