

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары көп. Мәселен, тиімділігі жарна төлеу көлеміне қарамастан, қымбат медициналық көмекті кез-келген адамның алуына болады. Ол халық үшін керек. Өйткені кез-келген адамның ақылы емге қаржысы жетпейді. Жүйеге қатысушыларға бар мүмкіндік жасалған. Азаматтарға тегін көмек алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылу қажет. Биыл 2024 жыл дербес төлеушілер алдын ала 12 айға жарна төлеу 51 000 теңгені құрап отыр.
«Медцентр-Кентау» ЖШС емханасына 10100 халық тіркелген. Оның ішінде, 8702 тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылған, ал 1398 жүйеге қатыса алмай отыр. Яғни, медициналық көмек қажет болған жағдайда бұл азаматтар толық ала алмайды. Әрине, шұғыл және алғашқы медициналық көмектермен қамтылады. Түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп келе жатыр. Емханамызда МӘМС жүйесі бойынша әлеуметтік желілерде, емхана парақшаларында рилс, пост, сторис арқылы ақпарттандырулар үнемі жүріп тұрады. Әрбір учаска науқастармен үнемі байланыста болып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Медициналық көмектерге және МӘМС жүйесіне қатысты қосымша сұрақтар бойынша Қордың бірыңғай байланыс орталығы 1414, емханадағы Call-center 8776 011 00 22 телефон нөмеріне хабарласып ақпарат алуға болады.
МӘМС жүйесінің қолданысқа еңгізілгеніне аз ғана уақыт өтсе де, халыққа өзінің тиімді жағын да көрсетіп, денсаулығын жақсартуға септігін тигізіп келеді.