2024 жылдың 12 айында Түркістан облысының денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мәселесі және МӘМС жүйесі негізінде атқарылған жұмыстар жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының м.у.а. Бағлан Тілектеске бірқатар сұрақтар қойған едік.
- Қайырлы күн, Бағлан Базарбекұлы! МӘМС жүйесіне қандай қызметтер кіреді?
- МӘМС жүйесі жинақтаушы Қор емес. Бұл – жарналар мен аударымдардың мөлшеріне қарамастан пациенттердің МӘМС медициналық қызметтеріне толықтай алуына байланыстыр қалыптастырылған әлеуметтік жүйе.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ пациенттер ТМККК тізбесіне кіретін медициналық көмекті алуына болады. МӘМС жүйесінде мәртебесі болмаған соң, жүйедегі қызметтерді алмайды.
МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады.
МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:
-профилактикалық медициналық тексерулер;
-учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
-созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
-уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
-халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
-диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
-мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
-медициналық оңалту;
-стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
- Сақтандырылмаған адамдар қандай медициналық көмектерді алады?
- Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі төмендегі қызметтерді қамтиды:
-жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиация;
-алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем, оның ішінде диагностика, емдеу, профилактикалық тексерулер, жұқпалы дерт ошақтарында санитарлық және эпидемияға қарсы және де санитарлық-профилактикалық шаралар жүргізу;
-амбулаториялық жағдайдағы мамандандырылған медициналық жәрдем, оның ішінде вич жұқпасы мен туберкулездің алдын алу және диагностика, шұғыл жағдайда көрсетілетін қызметтер, әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулардың диагностикасы және емдеу;
-стационарды алмастыратын жағдайдағы мамандандырылған медициналық жәрдем, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруларды емдеу; үйдегі стационар қызметтері;
-стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық жәрдем, оның ішінде өзге адамдарға қауіп төндіретін жұқпалы және паразитарлық ауруларды емдеу және жұқпалы немесе паразитарлық дертке шалдықты деген күдікпен жатқан науқастарды емдеу;
-паллиативті медициналық көмек;
-мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қан препараттарымен және оның компонеттерімен қамтамасыз теу;
-амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық – анатомиялық диагностика;
-Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту;
-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, оның ішінде медициналық бұйымдар, жедел және мамандандырылған жәрдем беру кезінде қолданылатын иммунобиологиялық дәрілік заттар, амбулаториялық жағдайда қарсы профилактикалық екпелер жасалып, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетілетін аурулар тізіміне сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек.
-Түркістан облысының денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мәселесі тоқталсаңыз?
-2024 жылға Түркістан облысының денсаулық сақтау саласына бекітілген бюджет – 235,9 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3 пайызға артық (2023 жыл – 211,7 млрд тг нақты бюджет). Яғни, медицинаны қаржыландыру сәйкесінше, жыл сайын артып отыр.
Қор Түркістан облысының тұрғындарына сақтандыру пакеті жүйесі көрсетілетін қызметтерге 117,7 млрд. теңге қараған болса, оның ішінде, стационарлық көмекке шамамен 35,6 млрд. теңге, консультациялық-диагностикалық көмекке – 39,9 млрд теңге, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 15 млрд теңге, жоғары технологиялық медициналық көмекке - 1,0 млрд. теңге және медициналық оңалтуға - 7,6 млрд. теңге қарады.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті бойынша көрсетілетін қызметтерге 118,2 млрд. теңге, оның ішінде, жедел медициналық көмекке 11,0 млрд. теңге, медициналық-санитариялық алғашқы көмек – 60,1 млрд. теңге, ауыл халқына тәуліктік және күндізгі стационарлық лот бойынша мамандандырылған медициналық көмек - 11,9 млрд. теңге, инфекциялық ауруларға - 1,3 млрд. теңге, онкологиялық науқастарға – 6,5 млрд. теңге қаралды.
2025 жылға бюджет сомасы 216,4 млрд. теңге шамасында бекітілді.Медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бойынша Веб-ортал Сатып алу рәсіміне 203 медициналық ұйымнан өтініш түсті.
Қаражаттың көлемдерін бөлу, денсаулық сақтау субъектілері қызметінің индикаторларын есептеу және рейтингтік бағалау әдістемесін қолдана отырып, өңірлік комиссияның шешімімен 196 медициналық ұйыммен келісімшарт жасалды.Ағымдағы жылға келісімшарттың 19 млрд.теңге шамасында алдын ала төлем (аванс) медициналық ұйымдардың есепшоттарына аударылды.
-МӘМС жүйесіне қатысу үшін төлем тәртібіне енген өзгерістер жайлы білгіміз келеді?
-МӘМС төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды.Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.
Кейбір азаматтар екі жерде жұмыс істейді. Бұл жағдайда төлемдерді есептеу үшін шекті табысты ескеру керек – ол 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге).
МӘМС-ке аударымдар әр жұмыс орнынан аударылады, бірақ 25 000 теңгеден аспауы керек. (850 000 теңгенің 3%).
Ал жарналарды есептеу кезінде барлық жұмыс орынанан түсетін ортақ табысы ескеріледі, яғни әр айға жарна 17 000 теңгеден аспауы тиіс (850 000 теңгенің 2%).
Қызметкер төлемдерді дұрыс есептеу үшін бірінші жұмыс орнынан екіншісіне анықтама тапсыру керек.
Мысалы, қызметкер А ұйымынан 550 000 теңге жалақы алса, Б ұйымынан 400 мың теңге түседі. Оның ортақ табысы 950 000 теңге, яғни, шекті салық салынатын кірістен жоғары.
Бұл жағдайда бірінші жұмыс беруші 11 мың теңге көлемінде жарна ұстап, 16 500 теңге көлемінде аударым жасайды.
Екінші жұмыс орнында оған 6 000 теңге (жарнаның ең жоғары мөлшері 17 мыңнан төленген 11 000 теңге жарнаны шегергенде) жарна төлейді.
Аударымдардың мөлшері 18 000 теңгені құрайды (аударымдарды есептеу үшін табыс қосылмайды).
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарты негізінде қызмет көрсететін жалдамалы жұмыскерлер мен қызметкерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауы тиіс, яғни қызметкердің жалақысына қарай, төлейтін ең жоғары жарнасы 17 000 теңгені құрайды.
Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ЕТЖ-дан 5% төлейді. 2024 жылы: (1,4 85 000) 5% = 5 950 теңге.
Егер жеке кәсіпкер есептілікті «нөлмен» тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексі талап еткендей жарналарды төлеуді жалғастыруы керек екенін есте ұстаған жөн. Әйтпесе, қарыз пайда болады.
Дербес төлеушілер ең төменгі жалақының 5% көлемінде, яғни 4 250 теңге жарна төлейді.
Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесінде сақтандырылу үшін өткен 12 айдың берешегін жабу керек немесе алдағы 1 жылға жарна төлеуге болады. Бұл жағдайда төлемді әр айға жеке-жеке төлеген жөн.
Жалақыдан ұсталатын бірыңғай төлем – бұл бірқатар салық төлемдерін есептеудің стандартты әдісіне балама. Жалақыдан ұсталатын мындай бес төлемді біріктіреді:
- міндетті зейнетақы жарналары;
- әлеуметтік аударымдар;
- МӘМС жарналары;
- МӘМС-ға аударымдар;
- жеке табыс салығы.
Бірыңғай төлемді жеңілдетілген декларация және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнестің заңды тұлғасы пайдалануға рұқсат береді.
2024 жылы бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды. Бірыңғай төлемді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның шотына бір төлеммен жүргізіледі.
-Жеңілдік санатқа кімдер кіреді және қандай медициналық қызметтерді алуға мүмкіндіктері бар?
-Қазақстандағы МӘМС жүйесі әлеуметтік болғандықтан мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін жарналарды төлеуді жалғастыруда. 2025 жылы мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды (мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9%, яғни мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылға дейінгі орташа айлық жалақы).
Жеңілдік санаттарына кіретіндер:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5)жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
7)бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
8)зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
9)қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
10)тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
11) жұмыс істемейтін қандастар;
12)"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
13) мүгедектігі бар адамдар;
14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
-Жүйедегі мәртебені қалай анықтауға болады?
-Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру қызметі (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) енді Қазақстан Халық банкі, ЦентрКредит Банкі және Kaspi Bank мобильді қосымшаларына енгізілді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексерудің және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсетудің қолжетімді тәсілдерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Енді бұны кейбір екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) мобильді қосымшаларында жасауға болады.
Өткен 12 айға жасалған төлемдер мен мәртебені Халық банкінің қосымшасы арқылы тексеруге болады. Ол үшін Halyk мобильді қосымшасын орнатып, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, ізінше «МӘМС» бөлімшесінде ЖСН жазу керек. Halyk арқылы медициналық ұйымға тіркелгені туралы ақпарат қолжетімді. «Мемлекеттік қызметтерге» кіріп, «Анықтамалар» батырмасын басқан кезде тұрғылықты мекенжайы, емхананың атауы, тіркелген күні көрініп тұрады.
Өткен 12 айға жасалған төлемдер мен мәртебені ЦентрКредит Банкінің қосымшасы арқылы да білуге болады. BCC.KZ мобильді қосымшасын орнатқаннан кейін, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, ізінше «МӘМС туралы ақпарат» бөлімшесінде ЖСН жазу қажет.
Сондай-ақ Kaspi.kz мобильді қосымшасын орнатып, Kaspi Bank қосымшасында сақтандырылған мәртебесін тексеруге болады. Авторизациядан өткеннен кейін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, ары қарай «МӘМС мәртебесін» таңдау керек.
Соңғы 12 ай ішінде төленбеген кезеңдер болса, оларды банк қосымшаларында төлеуге болады. Төлемдер тексерілгеннен кейін «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі беріледі.
- Жалпы, МӘМС жүйесіне облыстан қанша тұрғын қамтылып отыр?
-«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы «Сақтандыру» ақпараттық жүйесінен 2024 жылдың желтоқсан айында жүктелген МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар тізіміне талдау жүргізу барсында өңірде 1 708 558 (83%) тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу құқығына ие болған. Жалпы, медициналық ұйымдарға 2 062 854 тұрғын тіркелген.Ал, жүйедегі сақтандырылмағандар саны 354 296 (17%).
Түркістан облысы бойынша 15 жеңілдік санаттар саны - 1 400 668 (68%). Оның ішінде, басым бөлігін он сегіз жасқа толмаған балалар құрап отыр 895 927.