Илон Маск вновь стал самым богатым человеком в мире

МӘМС жүйесімен жұмыс жасайтын аурухана

22 окт. 2023, 08:06
3 мин. чтения
1175
МӘМС жүйесімен жұмыс жасайтын аурухана
МӘМС

Бүгінде облыстық балалар ауруханасы  өңірлік  деңгейдегі көпбейінді клиникалардың бірегейі. Педиатрия және балалар хирургиясы бойынша мамандандырылған 27 бағытта медициналық қызмет көрсетеді. Басым бағыттары болып саналатын балалар кардиохирургиясы, неонатальды хирургия, нейрохирургия, жарақат және ортопедия, офтальмология. Балалар хирургиясы ішінде, торакальды хирургия, урология, оториноларингология, бет-жақ хирургиясы, кардиология және ревматология, энокринология мен аллергология және т.б. бейіндер дамып келеді. Облыстық балалар ауруханасы  аудандарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мен қатар санавиация желісі және телемедицина арқылы консультативті-диагностикалық көмекті кең көлемде көрсетеді. Жалпы, аурухана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Медицина саласына жүйе енгізілгеннен соң, медициналық ұйымдардың жабдықталуына, қызмет көлемінің артуына септігін тигізді.

Ауруханада төсек қоры 427 орынды құрайды. Оның ішінде, 224 хирургиялық және 167 педиатриялық сала және 36 медициналық реабилитация мен қалпына келтіру  төсек орындары бар. Сонымен қатар, 33 төсек орынды үш жансақтау бөлімшелері ашылған. Айта кетерлігі, 9 төсек орын кардиореанимация, 6 төсек орын неонатальды жансақтау болса, қалғаны жалпы реанимацияға бейімделген.

Биыл облыстық балалар ауруханасы магниттік-резонанстық томография (1,5Т), ангиографпен жабдықталды. Томограф кез-келген зерттеуде жоғары сапалы бейнелеуді қамтамасыз ететін біркелкі магнит өрісі бар магнитті пайдаланады.

 «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2022 жылы офтальмологиялық скрининг және шала туған ретинопатияны емдеу үшін офтальмологиялық жабдықтармен – линзалармен, офтальмоскоппен және лазерлермен қамтамасыз етілді. Жалпы, балалар ауруханасының медициналық жабдықталу көлемі 70,3% құрады.

Президенттің Жолдауында денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлердің дайындау деңгейлері туралы атап өтті. Биыл облыстық балалар ауруханасының 33 маманы біліктілігін жоғарлатты, оның ішінде  10 дәрігер Астана қаласындағы «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығыда оқытылды. 6 дәрігер (балалар хирургі, урологы, лор, реаниматолог, анестезиолог) Стамбул университетінің клиникаларында тәжірибе жинақтап келді.

 

Алтын Досанова, Түркістан облыстық

балалар ауруханасының бас дәрігері.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
16 мая
15 мая
14 мая