Китайские ученые обещают спасти мир от голода благодаря ГМО кукурузе

МӘМС жүйесіне қатысудың тиімділігі көп

26 дек. 2023, 06:16
2 мин. чтения
1898
МӘМС жүйесіне қатысудың тиімділігі көп
МӘМС

Бүгінде Түркістан облысының 1,6 млннан астам (80%) тұрғыны медициналық сақтандыру  жүйесіне  қатысу  құқығына ие. Жалпы, медициналық ұйымдарға 2 055 816 тұрғын тіркелген. Ал, жүйеде сақтандырылмаған тұрғындар саны -  400 мыңнан астам (20%)  адамды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда артқан. Осы ретте, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Нұрлан Қыдырбаев өңірлік штаб отырысында хабарлады.

МӘМС жүйесіне халықтың әлі де болса толықтай қамтылмауы өзекті мәселеге айналып отыр. Атап өтерлігі, жарнаны тұрақты төлемейтіндер, жеңілдік санаттан шығып қалғандар және әлі күнге дейін жүйеге қатысу мәртебесі беймәлім адамдар да кездеседі.

Мемлекет басшысышысының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай – МӘМС) жүйесін жетілдіру тапсырмасын орындау шеңберінде Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенова жергілікті атқарушы органдардың іс-шаралар өткізуі керектігі тапсырылды. Хаттамада жергілікті атқарушы органдар цифрлық отбасы картасында анықталған нысаналы топтарды МӘМС жүйесіне қамтуда қолдау көрсетуге арналған іс-шараларды мемлекеттік даму жоспарына енгізулері қажет. Оның ішінде, МӘМС жүйесінде жеңілдік мәртебесіне ие санаттарды, қайтыс болғандарды және шет елге қоныс аударғандар туралы мәліметтердің ведомствалық деректер базасында (ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 660 қаулысы) өзектендірілуі қажет. Аталмыш іс-шаралар нәтижесінде халықтың МӘМС жүйесіне толығымен қамтылуына ықпал етуге болады.Облыста өңірлік штаб құрылып, тұрақты ұйымдастыру шаралары қол алынып жатыр. Штабтағы жұмысшы орган –  облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Басқарма өңірлік штабтың атқарған жұмыстары күнделікті бақылауға алып, ұйымдастырады.

- Жалпы, МӘМС жүйесі халықтың қымбат анализдерді, диагностика мен операцияның көптеген түрлерін қажетінше пайдаланып келе жатқанын көрсетіп берді. Қор филиалы Түркістан облысының тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 100,6 млрд теңге төледі. Шығынның басым бөлігі, яғни 29,7 млрд теңге стационарлық медициналық көмекке, 3,1 млрд теңге – күндізгі стационарлар көрсеткен қызметтерге төленді.

Мысалы, консультативтік-диагностикалық қызметтерге 34,4 млрд теңге жұмсалды. Соның ішінде, әсіресе, компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға (КТ/МРТ) деген сұраныс жоғары күйінде қалып отыр.

Пациенттер тарапынан үлкен сұранысқа ие қызметтің бірі – медициналық оңалту, оған 6,8 млрд теңге жұмсалды. Мұны да МӘМС жүйесінің игілігі ретінде қарастырған абзал. Шын мәнінде, сақтандырылған азаматтардың қалтасынан шығатын шығын едәуір қысқарып, осынша қызметті тегін пайдаланып отыр – деді, қор филиалының директоры.

Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру қызметі (сақтандырылған/сақтандырылмаған) енді Қазақстан Халық банкі, ЦентрКредит Банкі және Kaspi Bank мобильді қосымшаларына енгізілді.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня

Последние новости

Вчера
13 сентября
12 сентября