МӘМС жүйесімен жұмыс жасайтын мекемелердің бірі - Түркістан облыстық № 3 перинаталдық орталығының материалдық базасы жылдан жылға нығайып келеді. Орталықтың қабылдау бөліміне 1994 жылғы науқас жүкті əйел жедел жəрдеммен түсті. Дәрігер науқасты орта интенсивтілікті жағдайда босану бөліміне қабылдап, патологиялық белгілеріне байланысты шұғыл түрде ота жасалды.
Консилиум шешімімен науқасқа қан кетудің алдын алу мақсатында жатырға хеймана əдісімен компрессиялық тігіс жасалды. Сонымен қатар, жатыр тамырлары О-Лири əдісімен байланды. Науқас отадан кейінгі алғашқы тəулікте жандандыру бөлімінде дәрігердің бақылауында болды. Отадан кейінгі кезең науқас асқынусыз өтті.
Жалпы заманауи талаптарға сай жабдықталған орталықта бірегей хирургиялық араласу ем – шараларын жасауға барлық мүмкіндіктер қарастырылған және де жергілікті мамандар тың әдістерді ұдайы меңгерген.
Жасалған ота күрделі әдістертердің біріне кіреді, мұндағы мақсат – ана мен нәресте өміріне қауіп төндірмей аман алып қалу болатын. МӘМС жүйесінде жұмыссыз жүкті әйелдер жеңілдік санатқа кіретіндіктен аталмыш қызметтерді ақысыз алуға мүмкідігі бар Жыл сайын № 3 облыстық перинаталдық орталықта 2000-ға жуық аналар кесар-тілігімен босанып, нәрестелерін құрсағына алып үйіне қанағаттанарлық жағдайда шығарылады.