Түркістанда стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға артты

Ауылда шап жарығына лапароскопиялық ота жасалады

18 дек. 2023, 15:28
1 мин. чтения
1005
Ауылда шап жарығына лапароскопиялық ота жасалады
МӘМС

Түлкібас ауылында орналасқан орталық аурухананың хирург дәрігерлері шап жарығына отаны лапароскопиямен жасауды бастады. Аталмыш отаның көмегімен балаларға ем шаралар жасалды. Қуанарлығы барлық операциялар сәтті өтті.

-Ауруханадағы лапароскопиялық әдіс асқынбаған шап жарығын емдеудің тиімді тәсіліне  айналды. Жалпы, шап жарығы бар науқастардың басым бөлігіне лапароскопиялық операция жасалады. Аурухана дәрігерлері ота барысында жоғары сапалы торлы импланттарын қолданады. Лапароскопияны қолдану пациенттер үшін жарақат алу қаупін азайту, оңалту уақытын қысқартуға септігін тигізеді. Операция ақысы медициналық сақтандыру қорының қаражатынан төленеді – деді, аурухананың бас дәрігері Ж.Тоғайбекова.

Дәрігердің айтуынша, лапароскопиялық хирургия шамамен бір сағатқа созылады. Ота жасалған күні пациенттер ауруынан айығып, орнынан тұруына болады. Ал, 3-4 күнде науқас үйге шығарылады.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

15 марта
14 марта
13 марта
12 марта