Муж погибшей журналистки из Атырау скончался в реанимации

Медицина қызметкерлерінің МӘМС туралы білімін жетілдірді

Сегодня, 08:45
1 мин. чтения
120
Медицина қызметкерлерінің МӘМС туралы білімін жетілдірді
МӘМС

Қор филиалы өкілдері Сарыағаш, Жетісай, Атакент және Мырзакент аудандық ауруханаларында медицина қызметкерлеріне арнап семинар ұйымдастырды. Оған учаскелік дәрігерлер, орта буын мамандар, бейінді дәрігерлер мен тіркеу бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттер, МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ жүйеде сақтандырылған мәртебесін тұрақты түрде сақтаудың тәртібі түсіндірілді.

Семинарда тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдар талданып, қызмет сапасын арттыруға байланысты ұсыныстар айтылды. Мамандардың айтуынша, медициналық ұйымдарға түскен арыздардың басым бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені анықтау мен сақтандырылған азаматтарға көрсетілетін қызметтерге қатысты болып отыр.

Осыған байланысты:

·         медицина қызметкерлерінің МӘМС жүйесі бойынша білімін жетілдіру,

·         пациенттер күту залдарында ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету,

·         тұрғындарға сақтандыру мәртебесін тексеру жолдарын үйрету шараларын  қолға алу ұсынылды.

Айта кетейік, медициналық қызметке қатысты сұрақтар туындаған жағдайда әрбір азамат тіркелген немесе ем қабылдап жатқан мекемедегі пациентті қолдау қызметіне жүгіне алады. Ал МӘМС жүйесіндегі мәртебесін кез келген екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасындағы «МӘМС мәртебесі» батырмасын басу арқылы білуге мүмкіндік бар.

Бұл бастамалар өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға және халықтың МӘМС жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.

9ff7f279-f6a1-4775-90cd-e61ae2e93ae6.webp

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня