227 населенных пунктов в Казахстане находятся в зоне риска подтопления

Медицинада жеке меншік орталықтың рөлі артып келеді

05 мар. 2024, 10:23
2 мин. чтения
1031
Медицинада жеке меншік орталықтың рөлі артып келеді
МӘМС

Медициналық көмектің қолжетімділік деңгейі де артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігі Қормен бірге жекеменшік емханаларды жүйеге тарту және олардың қызмет аясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуге басымдық берді. Сондай-ақ медициналық ұйымдар диагностикалық қызметтердің тарифтерін айтарлықтай көтерді. Тағы бір мысал, емханалық және стационарлық қызмет көрсетуге тарифтер шамамен 2014 жылдан бері өскен жоқ. Осы уақыт ішінде коммуналдық қызметтер қымбаттады, жалақы өсті. МӘМС жүйесін енгізген кезде бұл проблемалардың барлығы ескерілді.

        «Клиника Талгата» ЖШС 1998 жылы ашылып, халыққа бірнеше сала бойынша медициналық қызмет көрсетіп жатқан медициналық орталық. Мекеме өзінің даму жолында жаңа емдеу технологиялары мен диагностикалау әдістеріне  көңіл бөліп, сол технологияларды енгізу мақсатында елеулі жұмыс атқарып келеді. Заманауи технологияларға қажет құрал-жабдықтар мен медициналық аппараттарды алу, сондай-ақ өз деңгейімізде білікті мамандарды дайындау, жұмысқа сырттан жаңа техногияларды игерген тәжрибелі мамандарды шақырту сияқты негізі күделі мәселерді тез ара шешу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Сондай даму бағыттарымыздың бірі кардиология саласы. Клиникамызда 2021 жылдың қазан айынан бастап кордиология, оның ішінде  интервенциялық  кардиология  мен  кардиохирургиялық бағыты  даму  қолға  алынды. Түркістан  облысында алғашқы рет  интервенциялық кардиология бөлімі ашылды. Бүгінде орталық науқастарға  МӘМС есебінен  ақысыз кардиологиялық  көмек көрсетеді. 

2022 жылдың мамыр айынан  бастап облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасы  келісімімен  жедел коронарлық синдром – миакард  инфаркт  Кентау, Сауран, Созақ, Ордабасы, Отырар,Түркістан аудан, қалаларындағы науқастарға  шұғыл кардиологиялық көмек  көрсетті.  

          Сонымен қатар, 2023 жылдың  қаңтар айынан  ашылған  кардиохирургия  бөлімі  105 рет  жүрекке  аорта  коронарлық  шунттеу  операциясы  жасалды.  Жүрек   қақпақшаларын протездеу операциялары  қолға алынып жатыр.Ал, аритмолгия бөлімінде 40-тан астам  науқасқа ем шаралар  көрсетіліп,  отбасыларына аман есен оралды.Мұнан бөлек, клиника заманауи медициналық құралдармен толық жабдықталған.

         Аталған  қызмет  түрлері  халық  арасында  жүрек-қантамыр  ауруларынан   болатын   өлім-жітімді    азайтып,  халықтың  өмір сүру  жас мерзімін    ұзаруына  және  өмір  сапасын  арттыруға  тікелей септігін  тигізіп жатыр. Себебі, бұрынғы  кезде  жоғарыда  аталған  көмек  түрлері  тек   республикалық орталықтарда  ғана  көрсетілетін.  Бүгінде аудан, қала халқына қажетті жағдайдың жасалып жатқаны қуантады. Жалпы, медициналық  көмек түрлерін  шұғыл  және  жоспарлы  түрде  жергілікті жерде жасауға мүмкіндік бар.Бұл бастамаларды  ел игілігіне  жасалынып  жатқан үлкен нәтижелі еңбек.

9b7d9bc6-1b35-4724-aa42-af280ce5e27b.webp

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
22 мая
21 мая