Елімізде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. МӘМС жүйесі бұл халық денсаулығын әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе.
МӘМС пакетіндегі медициналық оңалту – пациент организмінің функцияларын сақтауға, бұзылған немесе жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені. Жалпы, медициналық оңалтудың пациент денсаулығын қалпына келтіруде атқаратын рөлі зор.
Медициналық оңалтудың бірінші кезеңі туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін көрсетіледі. Ал, медициналық оңалтудың екінші және үшінші кезеңдері МӘМС жүйесінде аурулардың тізбесі бойынша аурулардың және денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық сыныптамасының кодтары бойынша ақысыз көрсетіледі.
«Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы Түркістан облысына қарасты аудандардан 6 айлық нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Оңалту емі МӘМС жүйесі бойынша емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.
Орталыққа неврологиялық, ортопедиялық және соматикалық бейіндегі балалар 18 күн тәулік бойында кешенді ем қабылдайды.
Орталықтың оңалтудағы негізгі мақсаты науқастың зақымданған ағзаларының қызметін мүмкіндігінше қалпына келтіру және асқынулардың алдын алу, науқасты қоршаған ортаға, қоғамға бейімдеу.
Орталықта дене шынықтыру (жеке, топтық, таңғы жаттығу, механотерапия, гидрокинезотерапия),физиоемдеу (электрмен емдеу, магниттік емдеу),емдік уқалау,дәрі – дәрмекпен емдеу (патогенетикалық, симптоматикалық А – типті ботулиндік токсин,эрготерапевт, монтессори педагог, логопед – дефектолог,психолог, ән-күй терапия, АВА-терапия,АФК емдік әдістері қолданылады.
Ағымдағы жылдың басынан бастапорталықта 2182 бала МӘМС жүйесі аясында медициналық оңалту қызметтерін тегін алды. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш, яғни кешенді оңалту емін қабылдаған бала саны–2880деп жоспарлануда.
Марьям Байжұматова, «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығының емдеу ісі жөніндегі орынбасары