Елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі медицина саласының дамуына оңды өзгерістер беріп жатыр. Мәселен, медицина қызметкерлері жалақысы тұрақты берілуіне және жылдан жылға өсуіне мүмкіндік берді. МӘМС жүйесі енгізілгенге дейін науқас балалар тек тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде медициналық көмекті алып келді. Бүгінде МӘМС жүйесінде мәртебесі жеңілдік санатында болуына байланысты әр 3 ай сайын ақысыз оңалту орталықтарында емдеуге барлық жағдай жасалынған.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 1018 н/қ бұйрығы бойынша облыстық балаларды оңалту орталығы 120 төсек-орынмен жүйке жүйесі органикалық зақымдалған науқас балаларға арналған орталық болып қайта жасақталды.
Науқастарға емдік дене шынықтыру (жеке, топтық, таңғы жаттығу, механотерапия, гидрокинезотерапия),физиоемдеу (электрлік және магниттік емдер),галотерапия (солявая шахта), емдік уқалау, психологиялық оңалту (жеке, топтық, аутотренинг), ән-күй терапия, дәрі-дәрмекпен емдеу қызметтері көрсетіледі.
Негізгі мақсат - жоғары деңгейлі ем-көрсету, жүйке жүйесіндегі зақымдарыну зардаптарын жою, қимыл-қозғалыс қабылеті шектелген балаларды оңалтып, психолого-педагогикалық түзету әдістерімен қоршаған ортаға әлеуметтік бейімдеу арқылы қоғамға қосу.
Облыстық балалар оңалту орталығында емделуші балаларға екі бағытта ем – шаралар жүргізіледі.
І.Медициналық оңалту бөлімінде:
1) Кинезотерапия ( жеке, топтық жаттығулар,механотерапия –Локостейшн, вертикализатор, тренажер, артромот, жасандыиппотерапия, гидрокинезотерапия);
2) Физио – емдеу( уқалау, электро- жарық, жылу, тұзды аэрозольмен емдеу); 3) Дәрі – дәрмекпен емдеу (патогенетикалық, симптоматикалық-мидокалм таблеткасы);
4) Диспорт (А-түріндегі ботулиникалық токсин – гемаглютинин);
5) Диетотерапия
ІІ. Педагогикалық - әлеуметтік оңалту бөлімінде:
1) Эрготерапевт;
2) Әлеуметтік педагог-Монтессори педагог;
3) 6) Ән – күй сабағы;
4) Логопед – дефектолог;
5) Психолог;
Орталық дәрігерлерінің үздіксіз еңбектерінің арқасында 2084 бала ауруларынан сауығып, өз қатарластарымен араласып кетті.Сонымен қатар, облыстық балаларды оңалту орталығында тұрақты ем алып, нәтижесінде сал ауруынан шалдыққан балалардың тұсауларын кесіп, ата-анасының ризашылығына бөленетін сәттерде жиі ұйымдастырылып тұрады.
Айдар Шнетов, облыстық балаларды оңалту орталығының бас дәрігері