Уровень износа магистральных газовых сетей в Казахстане достиг 75%

МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

09 февр. 2023, 04:40
1 мин. чтения
941
МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына 20.12.2022 жылы өзгеріс енгізілген болатын (ҚР Үкіметінің № 1038 қаулысымен).
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзіміне сәйкес жыл соңында бағалауға жатады. Осы орайда, Департамент соңғы енгізілген өзгерістерге қатысты өзекті сұрақтарға жауап беру мақсатында ағымдағы жылдың 7 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Тарақов Самғат Бағланұлы  облыстың орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметінің өкілдерімен Зум платформасы арқылы онлайн-семинар өткізді.

Семинар өткізу барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау және оларға бонустар төлеу ережесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңына енгізілген кейбір өзгерістерді талқылап, соңында қызықтырған сұрақтарға түсініктемелер берілді.

 

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
17 мая
16 мая
15 мая