Токаев назначил Бозумбаева новым заместителем премьер-министра

Мемлекеттік қызмет саласындағы тың жаңашылдықтар

28 апр. 2023, 09:42
7 мин. чтения
1223
Мемлекеттік қызмет саласындағы тың жаңашылдықтар

Құрметті оқырман, еліміздің мемлекеттік қызмет саласындағы тың жаңашылдықтарды көпшілікке назарына жеткізу мақсатын көздей отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Қобылан Тоқбергенұлы Манапты сұхбатқа тарттық.

Тілші: Қобылан Тоқбергенұлы ең алдымен өзіңізден Жетісу облысындағы мемлекеттік қызметшілердің сандық және сапалық құрамы туралы ақпарат беріп өтуіңізді сұраймын.

Қобылан Тоқбергенұлы: Өткен жылы Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес Жетісу облысы Алматы облысының құрамынан бөлініп шыққан болатын. Жаңа облыстың құрылуымен облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен мекемелер жаңадан құрылды. Тиісті әкімшілік-ұйымдастырушылық шаралармен байланысты құжаттар қабылданып, мемлекеттік аппараттың кадрлық құрамы жасақталды.

Жетісу облысындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3538 бірлікті құрайды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда – 1819 бірлік, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде – 1719 бірлік.

(Анықтама үшін: бөлінгенге дейін Алматы облысында штат саны 7,5 мың бірліктен астам болды).

Облыста 14 саяси мемлекеттік қызметші, 1 «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі және 3 323 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны қарастырылған.

Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 3406 (ЖАО-1745) адам, оның ішінде 1661-і (50,4%)  әйел азаматтар. Басшылық лауазымдардағы әйел азаматтардың үлесі 25%-ды құрайды.

Мемлекеттік қызметтегі 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 33,5%-ды құрайды.

Тілші: Өткен жылы Мемлекет басшысы өзінің «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесін заман талабын ескере отырып, қайта жасау қажеттігін айтқан болатын. Қандай өзгерістер орын алды?

Қобылан Тоқбергенұлы: Аталған тапсырманы орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірқатар шаралар қабылдана отырып жыл соңында саланы реттейтін тиісті заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Біріншіден, жоғарғы оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде және жақсы оқу үлгерімімен аяқтаған түлектер бір жыл ішінде біздің департаментпен келісе отырып аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалу тетігі енгізілді.

Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.

Екіншіден, «Б» корпусының жоғары лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. Бұл бірінші басшылардың өз қызметшілері үшін жауапкершілігін арттырады. Ақпарат үшін айта кетейін, жақында ғана Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Айдар Карбозұлы Башбаев Заңның осы талабы негізінде тағайындалды.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жоғары үлгерімін көрсеткен түлектері оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде елорданы қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.

Төртіншіден, бағалау нәтижесінде екі тоқсан бойы қанағаттанарлықсыз баға алған қызметшілердің лауазымы төмендетіледі, ал төменгі бос лауазым болмағанда – қызметтен шығарылады. Бұл аппаратты тиімсіз мемлекеттік қызметшілерден босатуға ықпалын тигізіп, мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдетеді.

Тілші: Қобылан Тоқбергенұлы осы жерде нақтылау сұрағын қойғым келіп отыр: жоғары оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының үздік түлектері туралы айтылды. Яғни, диломдағы бағасында қандай да бір меже қойылады ма?

Қобылан Тоқбергенұлы: Иә, дұрыс айтасыз. Осы Заңды іске асыру мақсатында ақпан айында Агенттіктің бұйрығымен түлектердің оқу нәтижелерінің шекті межелері белгіленді. Ол тиісті оқу нәтижесі «жақсы», яғни GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары немесе 100-баллдық жүйе бойынша 85 балдан жоғары деңгейінде бекітілді.

Тілші: Унверситетті грант арқылы және жоғары нәтижемен аяқтаған жастарымыз нақты қандай лауазымдарға тағайындала алады?

Қобылан Тоқбергенұлы: Жоғарыда атап өттім, аудан және ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға тағайындала алады. Ал, нақты айтып өтсем, ол:

1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына;

3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына;

4) орталық мемлекеттік органның облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.

Тілші: Расымен де, білімді жастарымызға беріліп отырған үлкен мүмкіндік екен. Бұдан басқа, ауылдық жерлерде еңбек етуге барған бірнеше саланың қызметкерлеріне, оның ішінде, білім, денсаулық сақтау, спорт саласындағы мамандарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қабылданған болатын. Мемлекеттік қызметшілер осы бағдарламаны қолдана алады ма?

Қобылан Тоқбергенұлы: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылдан бастап енгізілді. Алғашқыда әлеуметтік сала, медицина, білім, спорт, мәдениет салаларындағы мамандарға арналды, ал 2020 жылдан бастап бұл қатарға мемлекеттік қызметшілердің екі санаты енгізілді. Яғни, ауылдық округтердегі бас маман және жетекші маман лауазымдарына қабылданған азаматтар бағдарламамен берілген мүмкіндіктерді қолдана алады. Ол өзіңіз білесіз, 100 АЕК мөлшерінде қайтарылмайтын көтерме қаражат және тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін 1500 АЕК қаражатқа ең аз пайызбен алу көзделген. Мемлекеттік қызметші санаты енгізілгелі бері біздің Жетісу облысында 9 қызметкерге жеңілдетілген несие берілді, ал 24 қызметкерге бір жолғы көтерме жәрдемақы төленді.

Тілші: Мемлекет басшысы үнемі мемлекеттік аппаратқа білімі мен біліктілігі жеткілікті жастарды тарту арқылы басшылардың «жаңа буынын» қалыптастыру туралы айтады. Осы мақсатта Президенттік жастар кадр резервінің жасақтау туралы тапсырма берілді. Бұл жұмыс қалай жүзеге асырылуда?

Қобылан Тоқбергенұлы: Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін 2019 және 2021 жылдары Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүзеге асырылып, 350 азамат резервке енгізілген болатын. Қазіргі уақытта олардың 261-і әр түрлі деңгейдегі лауазымдарға жұмысқа орналастырылды. Бір айта кетерлігі, бұл шара биыл да өз жалғасын табады. Сондай-ақ, өңірлік кадрлық резеврті қалыптастыру да жоспарланып отыр. Алдағы уақытта тиісті заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін толығырақ ақпарат беретін боламыз.

Тілші: Жастардың мемлекеттік қызметке келуіне барлық мүмкіндіктер бар екен. Өткен айда, Агенттік төрағасы Д.Жазықбаев Парламент сенатында баяндама жасап, заң жобасын таныстырған болатын. Мемлекеттік қызметті тағы да қандай жаңашылдықтар орын алды?

Қобылан Тоқбергенұлы: Ағымдағы жылғы 20 наурызда мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы заң қабылданды. Заңның негізгі мақсаты – елімізде мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша атқарылатын кешенді шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Осы заңмен 1 кодекске және  3 заңға түзетулер енгізілді. Негізгі жаңашылдықтарға қысқаша тоқталып өтейін:

Біріншіден, Мемлекет басшысының Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасында келісімшарттық қызметшілер институтын енгізу туралы тапсырмасы негізінде заңнамаға «келісімшарттық қызметшілер» ұғымы енгізілді. Олар мемлекеттік қызметші санатына жатпайды. Бұл салалық жобаларды іске асыру кезеңіне арнаулы білімі бар кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік беретін болады. Келісімшарт мерзімі бір жылдан аспайды.

Екіншіден, ротациялық төлем енгізілді. 2016 жылы мемлекеттік қызметшілердің ротациясы енгізілген болатын. Оның мақсаты – өңірлер арасында тәжірибе алмасу, қызметшінің тәжірибесін жан-жақты жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Қолданыстағы Заңға сәйкес, өзге өңірге ротацияланатын қызметшіге уақытша үй берілуі тиіс. Алайда, қызметтік пәтерлер жетіспегендіктен, ротацияланған қызметшілер өз қаражатына үй жалдауға мәжбүр болды. Бұл көптеген қызметшілердің ротациядан бас тартуына алып келді. Ротациялық төлемді енгізу осы қиындықтардың орынын толтыруға бағытталып отыр.

Үшіншіден, мемлекеттік қызметте қашықтықтан жұмыс жасау және икемді жұмыс кестесін реттеу құзыреті Агенттікке берілді (бұрын Еңбек Кодексіне сүйенетін). Цифрландыру үрдісінің қарқын алу қашықтықтан жұмыс жасау, сонымен қатар икемді жұмыс кестесін қолдану мүмкіндігін көрсетті. Алдағы уақытта осы қатынастарды реттейтін тиісті құқықтық акті қабылданатын болады.

Төртіншіден, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің міндетті жұмыс өтеу тәртібіне өзгерту енгізілді. Қолданыста болған Заңның редакциясына сәйкес, Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен мемлекеттік органның қызметшісі оқудан кейін, міндетті түрде сол органда жұмыс өтеуі тиіс болатын.

Яғни, бір жыл бойы қызметші өзге мемлкеттік органға ауыса алмайтын. Бұл мемлекеттік қызметшінің мүмкіндігін шектеп өзінің білімін арттыруға, оқуға түсуге деген ынтасын азайтатын факторлардың қатарында болды.. 

Бесіншіден, мемлекеттік органдарда басшылар мен орындаушылар санын реттеу бекітілуде.

Қазіргі кезде әр мемлекеттік орган өз штат кестесін өзі бекітеді. Алайда, басшылар мен орындаушылар саны реттелмеген. Нәтижесінде, бір басшыға кейде 1 немесе 2 орындаушыдан ғана келетін жағдайлар кездесіп жатады. Ал  кейбір органдарда басшылар саны тіпті орындаушылардан да асып түседі.

Осыған орай, бұндай жағдайларды болдырмау мақсатында басшылар мен орындаушылар саны Агенттіктің бұйрығымен реттелетін болады.

Алтыншыдан. Мемлекеттік қызметшінің жалақысы оның жұмыс өтіліне байланысты. Жалақы үшін мемлекеттік қызметшінің жұмыс өтілін есептеу тәртібі Үкімет қаулысымен реттелетін. Енді бұл құзірет Агенттікке берілді.

Жетіншіден,  саяси қызметшіні «сенім жоғалтуына» орай жұмыстан босатуға қатысты толықтыру енгізілді.

Заңға сәйкес, саяси қызметшi саяси мiндеттердi iске асыруға жауапты қызметшi болып табылады. Яғни, саяси қызметшіге жүктелген жауапкершілік үлкен.

Осыған орай, Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша өз өкілеттігін тиісінше орындамаған саяси қызметшіні  «сенім жоғалтуына» орай жұмыстан босату институты енгізілді. Мұндай босату туралы шешім тек Мемлекет басшысымен ғана қабылданады. 

Сегізіншіден, мемлекеттік органдарда жұмыс кестесінің дұрыс сақталуын бақылауды жүзеге асыру қарастырылған.  Бұрын мұндай бақылауды әкімдіктердің еңбек инспекциясы жүргізетін. Ендігі кезекте аталған функция Агенттікке берілді.

Тоғызыншы, мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысы саласындағы актілер бұдан былай міндетті түрде Агенттікпен келісілетін болады.

Тілші: Қобылын Тоқбергенұлы, мазмұнды ақпаратыңызға рақмет айта отырып, сұхбат соңында әріптестеріңізге қандай кеңес беретін едіңіз.

Қобылан Тоқбергенұлы: «Елдің ертеңі – бүгінгі біздің кәсіби қызметімізге байланысты» екенін есте ұстасақ, қоғам тарапынан қойылатын үлкен сенімге селтеу түсірмей, қызметімізді «адал ниеттілік», «адалдық», «әділдік», «ашықтық», «сыпайылық», «клиентке бағдарлану» қағидаттарына негіздей отырып орындауға міндеттіміз демекпін.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

22 августа