Приговор Гульмиры Сатыбалды оставили без изменений в Алматы

«МСАК көшбасшысы» байқауы өз мәресіне жетті

20 дек. 2024, 04:38
1 мин. чтения
1760
«МСАК көшбасшысы» байқауы өз мәресіне жетті
МӘМС

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастырған «МСАК көшбасшысы» байқауы өз мәресіне жетіп, сайыс  жеңімпаздары марапатталды.

Іс-шарада Қор филиалы директоры Бақыт Исмаханбетов байқауда белсенділік танытқандар мен қатысқандарға ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аталған іс-шараның мақсаты медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарды ынталандыру, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, МӘМС жүйесіне қатысатын тұрғындардың санын арттыру, арыз-шағымдар санын азайту, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмысын жетілдіру, медициналық ұйымдардың беделін арттыру болатын. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.

1 орын иегері – Сайрам аудандық орталық ауруханасы;

2 орын иегері - Түркістан қалалық емханасы;

3 орын иегері – Отырар аудандық орталық ауруханасы.

Мұнан бөлек, «Асықата» аудандық ауруханасы мен «Ақмарал» ауруханасына  ынталандыру сыйлығы табысталды. Жалпы, байқау жеңімпаздарына Қор филиалының дипломы және сертификат табысталды.

9dc46bae-166f-48d6-a534-5c6d29ec30fc.webp9dc46bbd-39ff-4339-864d-0d3d0e74a27d.webp9dc46bd7-5ebf-4dbd-9102-b37777ac0d5c.webp

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
05 января
04 января
03 января