Создан совет ветеранов Министерства просвещения РК

Ауа райының күрт нашарлауы Жетісуда бірқатар жол-көлік оқиғасын тудырды

18 мар. 2023, 08:47
1 mins read
1829
Ауа райының күрт нашарлауы Жетісуда бірқатар жол-көлік оқиғасын тудырды

Ауа райының қолайсыздығы аймақтың автожолдарында бірқатар жол-көлік апатын тудырды. Соңғы екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабүйен ауылының маңында тіркелді. Елді мекеннен шыққан кезде «Mitsubishi Lancer» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі, рулді басқара алмай, көпірден аударылып кетті. Жол апатынан екі адам зардап шекті. Сондай-ақ, «Алматы-Өскемен» автожолының 361 шақырымында (Сағабүйенде) «CHERY» кроссовері жүк КАМАЗбен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты, олардың арасында сәби де бар. Тағы екі зардап шеккен адам ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.

 

Полиция жүргізушілерді ҚР Жол ережелерін және рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
04 июня
03 июня