Казахстан начал поставку жизненно важных радиофармпрепаратов в Кыргызстан

Түркістанда алғаш рет жаңа туған нәрестенің жүрегіне ота жасалды

05 июля 2024, 05:17
1 mins read
879
Түркістанда алғаш рет жаңа туған нәрестенің жүрегіне ота жасалды
МӘМС

Облыс көлемінде №1 Облыстық перинаталдық орталықта алғаш рет жаңа туған нәрестенің жүрегіне МӘМС есебінен ота жасалды.

Сәби 2024 жылдың сәуір айында №1 Облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген. Нәрестенің салмағы – 730 грамм, 24 апталық экстремалды салмақпен «шала» туылған болатын. Алғашқы күндері нәрестенің жағдайы күрт ауыр болып, өміріне қауіп төнді. Орталықтың білікті неонатолог дәрігерлерінің және медбикелерінің арқасында клиникалық стандартқа сәйкес, ем жүргізіліп жағдайы тұрақталды.

Дәрігерлер нәрсетенің дамуы барысында туа біткен жүрек ақауын анықтап, ота жасату үшін дайындыққа кіріскен. Республикалық медициналық авиация желісі арқылы Астана қаласының Ұлттық Ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлерімен байланыс орнатылды. 9 маусым күні тұңғыш рет №1 Облыстық перинаталдық орталық қабырғасында Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың жоғары санатты дәрігері, кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Нуркеев Бақытжан, Кардиореанимация бөлімінің меңгерушісі А.Кабаканова, УДЗ дәрігері А.Ахмолдаеваның қатысуымен сәтті ота жасалды.

Астаналық кардиохирург және кардио-реаниматолог дәрігерлер тарапынан облыстың перинаталдық орталығының неонатолог дәрігерлерінің жұмысына жоғары баға берілді.

Қазіргі таңда нәрестеге «жансақтау» бөлімінде күтім жасалып жатыр. Жағдайы бірқалыпты, салмағы – 1700 грамм.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
07 ноября
06 ноября