Бүгін ақпан айының 27 күні Жетісу облысы прокуратурасы «Заң және Тәртіп» бағдарламасы аясында инвесторларға арнап Еркін форматтағы кездесу ұйымдастырды. Қаратал ауданы прокуратурасы да бұл шараға бейнеконференция арқылы қатысып, ауданымыздағы ұлттық және өңірлік пулға енген инвесторлармен бірге пікір алмасты.
Кездесудің басты мақсаты – өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талдау және инвесторлардың мәселелерін шешу жолдарын қарастыру болды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті құқықтық қорғау және бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау мәселелерін кеңінен талқылады.
Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының Қаратал ауданы филиалы директоры Төлегенов Мержан Советханұлы да осы кездесуге қатысып, өңірдегі кәсіпкерлік саласының дамуы мен инвестициялық жобалардың табысты жүзеге асырылуы үшін құқықтық қорғау шараларының маңыздылығына тоқталды.
Бұл кездесу инвесторлар үшін өте маңызды, өйткені онда заңнамалық өзгерістер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат беріліп, кәсіпкерлік бағыттағы туындаған мәселелерді шешу үшін қажетті іс-шаралар талқыланды.
Жалпы, осындай кездесулер өңірдегі бизнес ахуалды жақсартуға және инвесторларға қолайлы жағдай жасауға үлкен ықпал ететіні сөзсіз..