На заседании правительства рассмотрены меры по обеспечению готовности к пожароопасному периоду

Жетісу облысында тергеу бөлімшелерінің құрылған күніне орай жарыстар ұйымдастырылды

10 мар. 2023, 05:32
1 mins read
1181
Жетісу облысында тергеу бөлімшелерінің құрылған күніне орай жарыстар ұйымдастырылды

Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының басшылығы Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасымен бірлесіп тергеу бөлімшелерінің құрылған күніне орай іс-шаралар ұйымдастырды.

 

«Үздіктің үздігі» атағы үшін облыстық полиция департаментінің атыс тирінде тергеушілер, анықтаушылар мен криминалистер бақ сынады. Әйелдер арасында үздік атқыш болып Көксу аудандық полиция бөлімінің криминалисі Асем Асильбекова танылды. Қиын күресте екінші орын Текелі полиция бөлімінің аға тергеушісі Антай Қалиеваға бұйырды. Мәртебелі үшінші орынды облыстық Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Самал Арғығазынова иеленді.

 

Ерлер арасында облыстық Тергеу басқармасының аға тергеушісі Әлішер Сәбитжан жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды Ескелді аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Ілияс Батырханов пен Алакөл полициясының тергеушісі Диас Чакенов бөлісті.

 

Сонымен қатар, тергеу күнін мерекелеу құрметіне полицейлер облыстық полиция спорт кешенінде 11 команда арасында волейболдан турнир ұйымдастырды.

 

«Полиция департаментінің командасы еш мүмкіндік қалдырмай, бірінші орынға ие болды. «Күміс» Қаратал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне бұйырды. Үшінші орынды Талдықорған қалалық ПБ командасы иеленді», – деді Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Мақсат Ережепов.

 

Жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
14 мая