Түркістан облыстық балалар ауруханасында алғашқы рет өкпенің туа біткен қантамырының ақауына ретнген-эндоваскулярлық эмболизация отасы жасалды. Ота жасауға дәрігерлер Р.Амиров, А.Аширов, Қ.Баимбетов қатысты. Отаны жаңадан алынған CANON ALPHENIX ангиограф аппаратында МӘМС шеңберінде тегін жасалды.
Көптен бері тыныс алу жолдары ауруымен ауырған 5 жасар пациентке учаскелік дәрігері КТ тағайындап, облыстық балалар ауруханасына жолдамамен жіберген. Пациент ангиохирургия бөлімшесіне жатқызылып, ота жасалды. Алты тәуліктен кейін пациент үйіне қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.
-Бұл патология созылмалы гипоксиямен қатар жүреді және баланың ерте мүгедектігіне әкелуі мүмкін. МӘМС жүйесінің шеңберінде алынған отаның нәтижесінде баланың мүгедектіктен алып қалуға мүмкіндік туды-дейді емдеуші дәрігер Рафик Амиров.