Глава государства принял председателя Конституционного суда Эльвиру Азимову

Өмірінің алғашқы тәулігінде күрделі ота жасалған нәресте сауығып келеді

Сегодня, 05:55
1 мин. чтения
118
Өмірінің алғашқы тәулігінде күрделі ота жасалған  нәресте сауығып келеді
МӘМС

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері өмірінің алғашқы тәулігінде ауыр диагноз қойылған жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасап, оның өмірін сақтап қалды.

Нәресте облыстық №3 перинаталдық орталықта дүниеге келген. Өмірінің алғашқы тәулігінде дәрігерлер сәбиде ішектің туа біткен өткізбеушілігін анықтады. Бұл – ішектің қалыпты дамымауына байланысты тағамның ішек арқылы өтпеуіне әкелетін өте күрделі туа біткен дерт. Мұндай жағдайда уақытылы хирургиялық көмек көрсетілмесе, нәрестенің өміріне қауіп төнеді.

Диагноз қойылғаннан кейін сәби шұғыл түрде операцияға дайындалып, оған жедел хирургиялық көмек көрсетілді. Ота барысында дәрігерлер ішек атрезиясының IIIА түрін анықтап, ішектің өткізгіштігін қалпына келтіру үшін арнайы «fish mouth» әдісімен анастомоз жасады.

Күрделі операцияны Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас балалар хирургі, облыстық балалар ауруханасы басшысының орынбасары, жоғары санатты балалар хирургі Сұлтанғали Маутайұлы жүргізді.

Операциядан кейінгі кезең сәтті өтті. Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауымен ем қабылдап жатыр.

Аталған жоғары мамандандырылған медициналық көмек Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілуде. Бұл сақтандырылған азаматтарға қымбат әрі күрделі хирургиялық көмекті қосымша шығынсыз алуға мүмкіндік береді.

Осындай жағдайлар МӘМС жүйесінің арқасында өңір тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің дер кезінде әрі қолжетімді көрсетіліп жатқанын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
12 июля
11 июля
10 июля