А.ж. 12 ақпан күні Талдықорған қаласы «Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйі» ғимаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Злобин, департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Аида Жақсылықова Жетісу облысы жергілікті атқарушы органдары басқармаларының ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – жастарға Өңірлік кадр резервіне іріктеудің ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады. Іріктеуге жоғары білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, 35 жастан аспаған еліміздің азаматтары қатыса алады.Өңірлік кадр резерві 7 бағыт бойынша, атап айтсақ, индустрия және өнеркәсіп, экономика, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология салаларында жүзеге асырылмақ.Айта кетейік, қатысуға өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1-31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті