А.ж. 16 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Қ. Манап және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Б. Злобин Ескелді ауданына іссапармен барды.Іссапар барысында жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен және ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізіп, департамент басшысы тарапынан Агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен және Департаменттің 2023 жылғы жұмысының қорытындыларымен, мемлекеттік қызмет саласында орын алып жатқан өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы, сондай-ақ Өңірлік кадр резервіне іріктеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 3 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.Өңірлік кадр резерві 7 бағыт бойынша, атап айтсақ, индустрия және өнеркәсіп, экономика, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология салаларында жүзеге асырылмақ.Айта кетейік, қатысуға өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1-31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өз кезегінде, Б. Злобин Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына түсу шарттарын түсіндірді. Жиын барысында қатысушылар алдағы іріктеу мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.