Іс-шаралар

Өңірлік штабта МӘМС жүйесіндегі өзгерістерді тұрғындарға түсіндіруді тапсырды

Сегодня, 12:12
2 мин. чтения
61
Өңірлік штабта МӘМС жүйесіндегі өзгерістерді тұрғындарға түсіндіруді тапсырды
МӘМС

Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаевтың төрағалығымен тұрғындарды МӘМС жүйесіне қамту бойынша өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті. Жиын барысында МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістер және әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруларды емдеу шараларын қаржыландыру медициналық сақтандыру есебінен жүргізілетіні жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуалиев хабарлады.

Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық көмек пакеттеріне және оны көрсету тәртібіне қатысты бірқатар өзгерістер күшіне енеді.Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша диагностика, бақылау және емдеу ТМККК аясында көрсетіледі. Ал, созылмалы аурулары бар азаматтарға медициналық көмек МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетіледі. Бұл қадам бюджеттік мүмкіндіктер мен міндеттемелерді ескере отырып, халықтың медициналық қызметтерге әділ әрі тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кету керек, аталмыш диагноздары бар азаматтардың көпшілігі жеңілдік санаттарына кіреді және мемлекет есебінен сақтандырылған. Тағы бір бөлігі D және E санаттарына жатады, олар келесі жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың жарналары есебінен сақтандырылмақ. Сондай-ақ, экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтар өз денсаулығы үшін жауапкершілікті бөлісуге қабілетті.

          Жалпы, енгізілген түзетулер денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландыру моделін сақтандыруға негізделген жүйеге жақындатуға мүмкіндік береді, бұл модельді әзірлеу кезінде бастапқыда жоспарланған бағытқа сәйкес келеді.

Көпшілік азаматтар МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесінің жоқ екенін емханаға барғанда ғана біледі. Мұндай қолайсыздықты болдырмау үшін дәрігерге жүгінбей тұрып, мәртебені алдын ала тексеріп алған жөн. «Сақтандырылған» мәртебесі болуы үшін соңғы 12 айда МӘМС жарналары бойынша қарыз болмауы қажет. Жарнаны уақтылы төлеу – ең алдымен науқастың өз денсаулығына қажет.

Әр азамат өз мәртебесін msqory.kz ресми сайтында, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot арқылы ЖСН енгізіп біле алады.

Сонымен қатар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры екінші деңгейлі банктермен және медициналық ақпараттық жүйелер жеткізушілерімен келісімдер жасасып, мәртебені тексеру және жарна төлеу сервисін кеңейтіп отыр. Қазіргі таңда бұл мүмкіндік Damumed, Halyk Bank, BCC.KZ (Банк ЦентрКредит), Kaspi.kz, Forte Bank, Freedom SuperApp, Bereke Bank қосымшаларында қолжетімді.

Штаб төрағасы жиын барысында қозғалған мәселелерді аудан, қала әкімдіктеріне және мемлекеттік органдардың назарға алып, МӘМС бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
23 декабря