ЕЭК на два года обнулил пошлины на некоторые виды тканей

Онкоскрининг — әр азаматқа тегін қолжетімді!

22 окт., 08:47
2 мин. чтения
200
Онкоскрининг — әр азаматқа тегін қолжетімді!
МӘМС

Президент Жолдауында медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және МӘМС жүйесін жаңғырту міндеті қойылған болатын. Осы тапсырма аясында Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, скринингтік тексерулер тізбесі кеңейтіліп, сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға тегін қолжетімді болды.

Енді сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек қатерлі ісігіне арналған скринингтер мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмектің (ТМККК) құрамына енгізілді. Бұл жаңашылдықтың арқасында республика бойынша 300 мыңға жуық сақтандырылмаған азамат онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік алып отыр.

Түркістан облысындағы жағдай

Түркістан облысында сүт безі, өкпе және асқазан қатерлі ісігіне шалдығу көрсеткіші өсіп келеді. Облыстық клиникалық аурухананың химиотерапия бөлімінің меңгерушісі Ләззат Хашимованың айтуынша, сүт безі обыры – әйелдер арасында ең жиі кездесетін дерттің бірі.

«Бұл ауру ерлерде де болуы мүмкін, алайда көбіне әйелдер қауымында тіркеледі. Ерте анықтау мен уақтылы емделу – өмір сапасын сақтаудың басты жолы», – дейді маман.

Бүгінде облыста 11 675 онкологиялық науқас диспансерлік есепте тұр. Оның 2 446-сы (20,9%) – сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан. Ал ағымдағы жылдың 9 айында 1 720 жаңа жағдай тіркелді. Оның ішінде:

  • сүт безі қатерлі ісігі – 221 адам,

  • өкпе қатерлі ісігі – 124,

  • асқазан қатерлі ісігі – 153 жағдай.

Ерте тексеру – өмірді сақтайды

Сүт безі обырының алғашқы белгілері жиі байқалмай, ауру кеш анықталады. Маммографиядан уақтылы өту және өзін-өзі тексеру әдістерін қолдану ауруды ерте кезеңде анықтауға және ем нәтижесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Скринингтік бағдарламалар аясында:

  • қамту жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды;

  • жоғары сезімталдықтағы тестілер енгізілді;

  • ми қан айналымы бұзылыстарын ерте анықтауға арналған жаңа тексерулер басталды.

Әйелдер өз емханалары арқылы маммолог, гинеколог, онколог кеңесіне жүгініп, маммография, УДЗ, ПАП-тест және басқа зерттеулерден өте алады.

Қазан айында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алуға арналған айлық өтіп жатыр. Осы кезеңде өңірдегі емханалар мен ауруханаларда ашық есік күндері ұйымдастырылып, азаматтар тегін тексеруден өте алады.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня