Токаев вновь заявил о необходимости бескомпромиссной борьбы с коррупцией

Ордабасыда алғаш рет TURP отасы жасалды

23 янв., 04:31
1 мин. чтения
357
Ордабасыда алғаш рет TURP отасы жасалды
МӘМС

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында алғаш рет қуықасты безінің трансуретральды резекциясы (TURP) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында сәтті түрде жүзеге асырылды.

Науқас бірнеше жылдан бері зәр шығарудың қиындауы, қуықта зәрдің қалып қоюы, ауырсынуға байланысты дәрігер бақылауында болған. Соңғы аптада зәрдің мүлдем шықпай қалуына байланысты уролог дәрігерге жүгінген. Жүргізілген кешенді тексерулер нәтижесінде науқасқа қуықасты безінің аденомасы диагнозы қойылып, хирургиялық емдеу тәсілі ретінде трансуретральды резекция (TURP) ұсынылған.

Аталған операция Ордабасы ауданында алғаш рет орындалып отыр. TURP – ашық ота жасамай, эндоскопиялық әдіспен жүзеге асырылатын заманауи хирургиялық тәсіл. Бұл әдістің артықшылығы – жарақаттың аз болуы, операциядан кейінгі асқынулардың төмендігі және науқастың тез сауығып, қалыпты өміріне жылдам оралуына мүмкіндік береді.

Ота уролог-андролог, хирург-дәрігер Райымбек Сұлтанғалиұлының қатысуымен, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып сәтті өткізілді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің тұрақты бақылауында тұр.

Бұл операцияның аудандық деңгейде енгізілуі – Ордабасы тұрғындары үшін жоғары технологиялы, сапалы және қолжетімді урологиялық көмектің көрсетіле бастағанының айқын дәлелі. Сонымен қатар, МӘМС жүйесі аясында күрделі медициналық қызметтердің тегін көрсетілуі тұрғындардың денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасы алдағы уақытта да медициналық қызметтердің сапасын арттырып, жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
23 января
22 января