Новости

Пациентпен кері байланыс – басты назарда

Сегодня, 11:01
1 мин. чтения
56
Пациентпен кері байланыс – басты назарда
МӘМС

Қор филиалының халықты ақпараттандыру және өтініш қарау бөлімінің басшысы Лаура Ділдәбекқызы Шымкент қаласында Түркістан облысына қарасты медициналық ұйымдардың пациентті қолдау қызметінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында халықпен тиімді кері байланыс орнату, азаматтардың арыз-шағымдарын тұрақты түрде талдау және МӘМС жүйесіндегі мәртебені бақылауға арналған қосымшаларды пайдалану тәртібі түсіндірілді.

Лаура Ділдәбекқызы өз сөзінде көптеген азаматтардың медициналық қызметтерді әлі де ақылы түрде алып жүргенін, алайда бұл қызметтердің басым бөлігі МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетілетінін атап өтті.

– Бүгінде кез келген емханаға тіркелген азамат анализ тапсырудан бастап, күрделі операцияларға дейін МӘМС жүйесі арқылы тегін медициналық көмек ала алады. Ол үшін әрбір адам өз мәртебесін екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы тұрақты түрде тексеріп, сақтандырылған мәртебеден шықпауын қадағалауы қажет. Ай сайын 4250 теңгені соңғы 12 ай бойы тұрақты төлеген азаматтар жүйеге қатысып, медициналық көмекті шектеусіз алу құқығына ие болады, – деді ол.

Кездесу барысында пациентті қолдау қызметінің өкілдері медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, медициналық көмекті тұтынушылармен кері байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлінетіні айтылды.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
24 марта
23 марта
21 марта
20 марта