Фильм "Руың кім?" сняли с проката после критики депутата

Пациентті қолдау қызметі МӘМС жайлы ақпарат берді

Сегодня, 10:37
2 мин. чтения
149
Пациентті қолдау қызметі МӘМС жайлы ақпарат берді
МӘМС

«Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы, Ордабасы көпбейінді орталық ауруханасы, Созақ аудандық орталық ауруханасы және «Даниямед» медициналық орталығының пациентті қолдау қызметі медицина қызметкерлері, мектеп бітіруші түлектер және халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінушілер арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді.

Кездесулер барысында сала мамандары қатысушыларды МӘМС жүйесінің жұмыс істеу тәртібімен, сақтандырылған мәртебені алу және сақтау талаптарымен таныстырып, көпшілікті толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Атап айтқанда, жұмыс істемейтін жүкті әйелдердің МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қатысты түсіндірме берілді. Жүктілік бойынша есепте тұрған, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын әйелдер жеңілдік санатына енгізіледі. Бұл ретте соңғы екі айда МӘМС жарналарының болмауы маңызды. Егер міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар түсе бастаса, әйел автоматты түрде жеңілдік санатынан шығарылады.

Сонымен қатар, жеке кәсібі бар жүкті әйелдерге қатысты түсіндірілді. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген әйел салық органдарында қызметін ресми түрде тоқтатпайынша, тіпті нөлдік декларация тапсырған жағдайда да, МӘМС-ке міндетті төлемдер жасауға тиіс. Қызметі тоқтатылғаннан кейін ғана ол жеңілдік санатына ене алады.

Кездесу барысында студенттер мен мектеп бітіруші түлектерде жиі кездесетін мәселелерге де назар аударылды. Оқу аяқталғаннан кейін, егер түлек оқуын жалғастырмаса немесе ресми жұмысқа орналаспаған жағдайда, ол МӘМС жүйесіндегі жеңілдік санатынан шығып, сақтандырылған мәртебесін жоғалтады. Осыған байланысты азаматтарға өз мәртебесін алдын ала қадағалау қажеттігі ескертілді.

Пациентті қолдау қызметінің өкілдері МӘМС жүйесінің маңыздылығын, медициналық көмектің қолжетімділігі мен денсаулықты сақтаудағы рөлін атап өтіп, түрлі нысаналы топтарға ақпарат жеткізді. Қатысушыларға медициналық көмекке немесе МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, медициналық ұйымдардағы пациентті қолдау қызметіне жүгінуге кеңес берілді.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
07 февраля
06 февраля