Только 3 из 10 казахстанцев полностью удовлетворены своим финансовым положением

Пациентті қолдау қызметіне жүгінді

30 окт. 2023, 11:40
2 мин. чтения
686
Пациентті қолдау қызметіне жүгінді
МӘМС

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына 1994 жылғы пациент жүктілік бойынша есепке тұруға жүгінген. Емханадағы пациентті қолдау қызметі науқастың мәртебесін тексеру барысында МӘМС жүйесі бойынша сақтандырылмағаның анықтаған болатын. Жалпы, мәртебесі өзектендірілмегеніне байланысты МӘМС жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жұмыссыз жүкті әйел болғанына қарамастан төлем жасап, жеңілдік санаттан шығып қалғаны белгілі болды.

-Жүкті әйелдің деректерін дәрігер немесе акушер міндетті түрде «Жүкті және фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі» (ЖжФЖӘТ АЖ) ақпараттық жүйесіне енгізуі тиіс. Мәртебе ақпараттық жүйесіне деректерді енгізгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде беріледі. Жүкті әйелдің шын мәнінде жұмыссыз екенін растау үшін мәртебе берілгенге дейін соңғы екі айда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары болмауы қажет. Алайда, пациенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп тұрғаны белгілі болды. Сондықтан науқасқа жұмыссыз жүкті әйел мәртебесі берілмеді – деді, пациенттерді қолдау қызметі бойынша маман Сабит Аширбаев.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңына сәйкес, жеке кәсіпкер ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы  немесе  4900 теңгені әр айдың 25-іне тұрақты төлеуі тиіс.Жеке кәсіпкер ретінде өзі үшін МӘМС төлемін екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі,мобильді қосымшалар, «Қазпошта» АҚ, Касса 24 және Qiwi әмиян өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы төлемдерді аударуға болады.

Пациент жеке кәсіпкер ретінде қордаланған қарызды төлеп, МӘМС жүйесіндегі қызметтерді ойдағыдай алды.

Жалпы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеге, төлемдерге қатысты  сұрақтар болса, онда Сарыағаш аудандық орталық ауруханасындағы емхананың №5 кабинетке келіп кеңес алуға болады. Сонымен қатар, медициналық сақтандыру қорының  fms.kz ресми сайты,1305,1414 байланыс орталықтары, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы өтінішті жолдаса жеткілікті.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
17 июля