На Карачаганаке возобновили добычу нефти и газового конденсата

Жетісуда жол апатынан екі адам қаза тапты

25 Feb 2024, 07:54
1 mins read
953
Жетісуда жол апатынан екі адам қаза тапты
ДП области Жетісу

Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 211 шақырымында жол апаты орын алды.

Toyota Camry жүргізушісі, рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол бергені алдын ала анықталды.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар, жылдамдықты шектен асырмаңыздар. Егер сіз ұзақ жолға шықсаңыз, сапар алдында жақсылап демалыңыз. Көлікті жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығы сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
13 July