В правила госзакупок внесены изменения

Астанада туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті

15 февр. 2024, 11:59
1 mins read
1292
Астанада туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті

 Алқа мәжілісінде бірінші болып сөз алған Ермек Маржықпаев ел абыройын асқақтатар елеулі саланы дамыту, спортқа бейім, бәсекеге қабілетті бірегей ұлт, салиқалы ұрпақ қалыптастыру – әрқайсымыздың борышымыз екенін атап өтті.

«Министрлік алдында бұқаралық спортты дамыту мен жоғары жетістіктер спортын жетілдіруде ауқымды жұмыстар тұр. Бұқаралық спорт саулығымызды нығайтуға бағытталса, үлкен жетістіктерге жетелейтін спорт – елдің оң имиджін қалыптастырады», - деді Ермек Маржықпаев.

Жиын барысында Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Ғалымұлы Рысқұл өңір спорты жайлы баяндап, бірқатар атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Айта кетсек, 2023 жылы Әлем, Азия чемпионаттарында  облыс спортшылары 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 4 лицензия жеңіп алды. Сонымен қатар, спорттың 6 түрі бойынша лицензия алу жоспарлануда. Казіргі таңда, облыс спортшылары барлық деңгейдегі жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысуда. Ендігі мақсат - спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спортшылардың облыстық, республикалық жарыстарға, Азия, Әлем чемпионаттарына қатысуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, Облыс спортшыларының Париж қаласында (Франция) өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуі.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
13 июля