МӘМС – денсаулық қорғаны

« Қасиетті өлке, киелі мекен»

07 февр. 2023, 11:23
2 мин. чтения
1308
« Қасиетті өлке, киелі мекен»

Туған тіліміз бен тұғырлы еліміздің ұрпағы саналатын бүгінгі жас буынның патриоттық сезімін нығайтып, шығармашылық әлеуеті мен лингвистикалық капиталын дамыту мақсатында «Қасиетті өлке, киелі мекен» атты 9-11 сынып оқушылары  арасында облыстық шығармалар байқауы жарияланған болатын. 
 Қатысушылардың жолдаған шығармалары антиплагиатқа тексеріліп, қазылар алқасының шешімі бойынша 70 жұмыстың 64-і іріктеуден өтті. «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалының төрағасы  Ә. Әрін, Жетісу облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының Талдықорған қаласы бойынша аға әдіскері М. Сәдуақасова, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының  оқытушысы М. Маралбаева байқауға қатысушылардың жұмыстарын сараптап, шешім шығарды. Қазылық еткендер қатысушылардың шығармаларында тақырыптың ашылуына, ойдың логикалық бірізділігінің сақталуына және грамматикалық жағынан сауаттылығына баса назар аударды.
 Бір жарым ай көлеміне созылған байқауға облысқа қарасты 8 аудан,
2 қаладан 70 оқушының өтінімі мен жұмыстары келіп түскен болатын. Нақтылай кетсек Ақсу ауданынан – 3, Алакөл ауданынан – 9, Ескелді ауданынан – 14, Қаратал ауданынан – 2, Кербұлақ ауданынан – 8, Көксу ауданынан -12, Панфилов ауданынан – 3, Сарқан ауданынан – 2, Талдықорған қаласынан – 14, Текелі қаласынан – 3 оқушы қатысты. 
  Байқаудың қорытындысы бойынша I орын Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы  Ж. Малдыбай (Талдықорған қаласы), II орын Т. Құлыбеков атындағы орта мектептің 
11  сынып оқушысы  М. Данияр (Кербұлақ ауданы), II орын Көксу орта мектебінің 11 сынып оқушысы  А. Қожабек (Кербұлақ ауданы), III орынды Н. Есболатов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Қ. Шаяхмет (Ақсу ауданы), III орын Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей интернатының 11 сынып оқушысы М. Дузумбайұлы (Талдықорған қаласы), III орын Қосағаш орта мектебінің 9  сынып оқушысы  Ә.Бейсен (Кербұлақ ауданы).

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера