До 100% пенсионных накоплений смогут передавать казахстанцы частным компаниям

Профилактикалық медициналық тексеру жүргізілді

Сегодня, 04:14
1 мин. чтения
73
Профилактикалық медициналық тексеру жүргізілді
МӘМС

Jacksoft MDS клиникасының бейінді дәрігерлері Halyk Bank қызметкерлеріне және келушілерге тегін профилактикалық тексеру жүргізді. Іс-шараның мақсаты — ауруларды ерте анықтау, олардың алдын алу және МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық түсіндіру болатын.

Тексеру барысында флюорография және ЭКГ жасалып, қан қысымы, бойы мен салмағы, қандағы қант және холестерин деңгейі өлшенді. Қызметкерлер бейінді мамандардан кеңес алды.

Сондай-ақ қатысушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы медициналық көмек алу тәртібі түсіндіріліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Сақтандырылған азаматтар медициналық көрсетілімдерге сәйкес дәрігердің жолдамасымен бейінді мамандардың кеңесін, диагностикалық зерттеулерді және жоспарлы емді МӘМС пакеті аясында қосымша ақысыз ала алады. Қажетті қызметті алу үшін алдымен тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерге жүгіну керек. Сақтандыру мәртебесін eGov.kz арқылы тексеруге болады.

Профилактикалық тексерулер денсаулықтағы өзгерістерді уақытылы анықтауға көмектеседі. Шағымдар болмаса да, жас пен тәуекел тобына сәйкес ұсынылатын скринингтерден өтіп тұру маңызды.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях

Последние новости

Вчера
21 ноября
20 ноября