Погода без осадков ожидается в Астане, Алматы и Шымкенте

Қаратал ауданында кәсіпкерлік саласының дамуы

Вчера, 11:39
1 мин. чтения
237
Қаратал ауданында кәсіпкерлік саласының дамуы
РПП области Жетісу

Қаратал ауданында кәсіпкерлік саласының дамуын қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Осы бағытта Жетісу облысы Кәсіпкерлік Палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры Төлегенов Мержан Советханұлы ауыл кәсіпкерлерімен кездесулер өткізуде.

Мақсаты: Кездесулердің басты мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру, сондай-ақ кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мәселелерінің шешілуіне ықпал ету. Тұрғындар мен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау түрлерін түсіндіріп, оларды дұрыс пайдалану жолдарын көрсету.

Төлегенов Мержан Советханұлы:

- Кездесулердің басты мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ елдегі кәсіпкерлік ортаны жақсарту. Ауыл кәсіпкерлерінің кез келген қиындықтары мен сұрақтары бойынша көмек көрсету. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен жеңілдіктерді дұрыс пайдалану – кәсіпкерліктің табысты болуына ықпал етеді, - дейді.

Әрине аталған кездесулер бірінші кезекте ауыл кәсіпкерлері мен тұрғындары үшін маңызды әрі пайдалы болып табылады, себебі мемлекеттік қолдау мен кәсіпкерлік құқықтарын қорғау тақырыбы – бизнестің өркендеуі қашанда аса қажетті мәселе.

Қарапайым халықпен тығыз байланыс орнату, кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететінін қажетті орындар естен шығармаған жөн.

9e43b684-8267-44b8-8473-a52e765627b5.webp

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
20 февраля
19 февраля